Қостанай қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері

Көшушілер басқармасы (балалар-жас өспірімдер олимпиялық қор мектебі)

XIX ғасырдың соңы - XX ғасырдың басы эклектик элементтері пайдалана отырып салынған азаматтық сәулет ескерткіші. Ғимараттың сыртқы келбеті ішінара жоғалған, қасбеті ішінара бұзыла бастаған, сәулет элементтері сақталған. 1964 жылдан бері қоныс аудару басқармасы ғимаратында жыл сайын 300 оқушы оқытатын балалар-жасөспірімдер…

«Мысль» дүкенінің ғимараты (облыстық картина галереясы)

XIX ғасырдың аяғы - XX ғасырдың басындағы азаматтық сәулет үлгісі, ғимарат эклектика элементтерін пайдалана отырып салынған. Музей мәліметтері мен ескі фотосуреттер бойынша Николаев көшесіндегі (қазіргі уақытта Алтынсарин көшесі) ғимарат бастапқыда сауда мекемесі ретінде салынған.  Құрылыстың салынған мерзімі шамамен 1910-шы жылдар…

Реалдық училище (гуманитарлық колледж)

Қостанайда ағарту жұмысын дамытумен байланысты ХХ ғасырдың басындағы қоғамдық сәулет ескерткіші. Авторы, құрылысшысы белгісіз. Биліктегілер мен тұрғындардың ұзақ уақыт машақаты 1910 жылы 1-ші қыркүйекте Қостанай қаласында реалды ерлер уилищесін ашуға әкеп соқты. Ол кең ғимаратта орналасты. Училище білікті педагогикалық персоналдармен…

Жоғары бастауыш училищесі (А.И. Никифоров атындағы көркемсурет мектебі)

XX ғасырдың басындағы Қостанай қаласында оқу-ағарту ісінің дамуымен байланысты қоғамдық сәулет ескерткіші. Жобаның авторы белгісіз.   Құрылысы сонау 1895 жылы жоспарланып, 1907 жылы аяқталған оқу орнының тарихы уезд бастығы М. Кочергиннің есімімен тығыз байланысты. Артында жақсы іс қалдыру мақсатында мансабына…

Көпес Каргиннің үйі («Қазақтелеком» АҚ)

XX ғасырдың  басындағы азаматтық сәулет ескерткіші, орамның тарихи құрылысын салуда қала құраушы фактор болып табылады. Ғимараттың сәулетінде классицизм және ежелгі орыс тас сәулетінің тәсілдері пайдаланылған. Эклектика үлгісі тән. Ғимарат 1913 жылы салынған. Мұнда көпес дүкені болған. Ғимарат бірнеше рет қайта…
3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін70   Кеше44   Бір аптаның ішінде487   Айында1558   Барлығы167469  
2019, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі