Халықаралық музей күніне арналған «Музей түні - 2019» интерактивті акциясы

17.05.2019
Халықаралық музей күніне арналған  «Музей түні - 2019» интерактивті акциясы

Музей түні акциясы «Елін сүйген Елбасы» атты көрменің және «Қызғалдақтар - Ұлы дала символы» фотокөрмесінің тұсаукесерінен басталды. Музейге келушілерге этнографиялық театрландырылған - ойын бағдарламасында ұлттық салт-дәстүрлер мен әдеп-ғұрыптар көрсетілді.

«Қазақ тұлпары» ЖШС аттарымен серуендеу, жанданған картиналар, йогадан және үнді биінен шеберлік-сағаттары, фламенко және зумба, тағы көптеген шаралар үлкендер мен балаларға ерекше көңіл сыйлады. 

Жаңа түсімдер көрмесі, «Бабалар келбеті» антропологиялық көрмесі, остеологиялық қор жиынтығынан «Жануарлар патшалығының тәжі» атты эксклюзивті көрмелерге қызығушылар саны көп болды. Әсіресе «Музей жәдігерлерін анықтау» интерактивті көрмесі ұмытылмас әсер сыйлады.

 «Аңшылар мен браконьерлер» экобағдарламасы, «Сюрприз» балалар театрының көрінісі, «ShowBooom» балаларды қуанышқа бөлеу бюросының таңғажайып крио-сияпаттары балаларға ерекше көңіл сыйлады.

Акция қонақтары «Партия алтыны» атты тарихи квестке қатысып өткенге тартымды саяхат жасады. Туған еліміз туралы көптеген қызықты мәліметтерді «Grand luxe» тіл орталығының ағылшын тіліндегі «Менің Қазақстаным - 7 Wonders» квест ойыны берді.

Музей түнінің қонақтарына қосымша бонус ретінде балаларға арналған ойын алаңы, әсерлі ән-би бағдарламалары, музейдің ішкі көрінісінде және фотоаймақтардағы селфи, қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкелері және шеберлік-сағаттары, музей «трактиріндегі» шай ішу болды.

3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін33   Кеше53   Бір аптаның ішінде86   Айында935   Барлығы163667  
2019, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі