Қостанай облысы Ұлы Отан соғысы жылдарында

Кеңес Одағының Батыры В.С. Афанасьев (1923-1988 жж.)

Василий Афанасьев 1923 жылы 19 маусымда Қостанай облысының Затобол кентінде шаруа отбасында дүниеге келген. Сегіз жылдық білім алғаннан кейін Қостанай автокөлік жасағында электрші болып жұмыс істейді. 1943 жылдың наурыз айында Қостанай қалалық әскери коммиссариатынан Қызыл Армия қатарына әскери қызметін өтеуге  шақырылады. Алғашқы әскери қызметін  Бас Қолбасшы Резервіндегі 1840-  шы танкке қарсы жойғыш артиллериялық полкте бастап, артиллерия барлаушысы және нұсқаушы мамандығын алады.


Ұлы Отан соғысының майданында 1943 жылдың маусымынан бастап болды. Воронеж майданындағы Курск шайқасына қатысты, осы соғыста топырақ астына көміліп, басы зақымдалған Афанасьевті көрші бөлімнің әскерлері кездейсоқ тауып алған, бұл кезде туыстарына қаралы хабар жіберіліп қойған еді. Емделіп, қайта қатарға қосылған Афанасьев Днепр үшін үшін болған ұрысқа қатысты, Лютежск плацдармында шайқасты, Киевті азат ету ұрысына, Житомир-Бердичев, Корсунь-Шевченко операциясына қатысты. Кейіннен ол қызметте болған полк 235-ші гвардиялық полк болып қайта құрылады. Осы полктің құрамында Афанасьев 1-ші Украина майданындағы Львов-Сандомир операциясына  қатысады.

1945 жылдың қаңтарына таман гвардия аға сержанты Василий Афанасьев 1-ші Украина майданындағы 10 жеке гвардиялық танкіге қарсы жойғыш артиллериялық бригаданың 235-ші гвардиялық танкіге қарсы жойғыш артиллериялық полкінің зеңбірекшілер тобын басқарды. Висло-Одер операциясында ерекше ерлікпен көзге түсті.

1945 жылы қақаған қаңтардың 12-нен 24-не дейін Афанасьевтің тобы 350 километрден астам ұрыс жолдарын жүріп өтті. Қаңтардың 23-нен 24-не қараған түні Одер өзенінің жағасына шығып, неміс әскерлерінің бораған оғына қарамастан қолындағы зеңбірегін  жұқа мұздың бетімен Гольчовице (Польша) ауданының басып алынған плацдармына қарай бұрды. Афанасьевтің зеңбірекшілер тобы бірнеше тәулік бойы қарсыластардың бірнеше шабуылын тойтарды, төрт пулемет нүктесін және 60-тан астам неміс жауынгерлері мен офицерлерінің көзін жойды. Висло-Одер операциясы барысында Афанасьевтің тобы жаудың 7 танкісін, ал жалпы соғыс бойына 18 неміс танкісін тарандады.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 10 сәуірдегі Жарлығымен гвардия аға сержанты Василий Афанасьевке Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп,  кеудесіне Ленин ордені және «Алтын Жұлдыз» тағылды. 

 1945 жылы ақпанда майданда жүріп БКП(б) қатарына қабылданады. Берлин, Париж операцияларына қатысқан, 1945 жылы 9 мамыр – жеңіс күнін  Прага қаласында қарсы алды. Афанасьев сондай-ақ І-дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз, 3-дәрежелі Даңқ ордендерімен, «Ерлігі үшін» т.б. медальдармен марапатталған. 1946 жылы гвардия старшинасы Афанасьев запасқа шығып, туған жері Қостанайға оралады. Елге оралған ол №18 қолөнер училищесінде тәрбиеші болып жұмыс істейді, кейін Қостанай ет комбинатының және №2 құрылыс тресіндегі №18 құрылыс-монтаж басқармасының кадр бөлімшесінде қызмет етеді.    1964—1984 жылдары ІІМ органдарында, Қазақ КСР-і ІІМ Қостанай облыстық атқару комитетінің ІІБ-ның кадрлар басқармасында қызмет етеді, еңбек жолында милиция подполковнигі деген арнайы жоғары лауазымға дейін көтерілген.  1975 жылы Афанасьевке Қостанай қаласының және 1981 жылы Затобол кентінің Құрметті азаматы атағы берілді, аудан орталығындағы көшелердің біріне батырдың есімі берілді.

Афанасьев 1984 жылы құрметті зейнетке шықты, өмірінің соңғы жылдарына дейін Қостанай қаласында тұрды. 1988 жылы 1 мамырда қайтыс болды.

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қорында В.С.Афанасьевтің жұбайы Т.Н.Афанасьева мен ұлы Е.В.Афанасьев және өлкетанушылар тапсырған батырдың  марапаттары және марапаттарының құжаттары бар.  №197 істе, №2 қор (Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайының жеке шығу тегі туралы құжаттарының жиынтық-қоры) 4 бет тігіліп, нөмірленген.  Істе төмендегі мәліметтер сақталған:

 

  1. Батырдың өмірбаяны.
  2. Гвардия аға сержанты В.С.Афанасьевке Кеңес Одағының Батыры атағын беру туралы марапаттау қағазының көшірмесі.
  3. Кеңес Одағы батырына сауалдама.

4 В.С.Афанасьевтің 1965 ж.13 наурызда «Ленинский путь» газетінің №50 (7738) санында басылған «Отан үшін – отқа!» мақаласы

Кеңес Одағының Батыры, С.Г Амеличкин (1919 – 1981)

Амеличкин Сергей Георгиевич  26 қарашада 1919 жылы Қорған облысы Юргамышск ауданының Ильинка ауылында дүниеге келді. Ұлты орыс. 1935 жылы оның ата-анасы Қазақстанға көшіп келді. 1935 жылдан  Қостанай (бұрынғы Обаған) ауданының Ватутин атындағы кеңшарының тұрақты тұрғыны, «Червона зирка» кеңшарының  ұжымшар мүшесі болып қызмет атқарды. 25 маусымда 1941 жылы Обаған аудандық әскери комиссариаты Қызыл Әскер қатарына шақырылды. Танк мектебін тәмамдаған кейін әскерге танк жүргізушісі болып борышын өтеді. Ұлы Отан соғысының шайқастарында 1943 жылдан, Кутузов және Суворов ордендерінің Перемышль-Лодзинск өздігінен жүретін артиллериялық полкінің (11-ші гвардиялық танк корпусы,1-ші гвардиялық танк әскері, 1-ші Белорусс майданы), старшина Амеличкин алдыңғы отрядында болып, 16 қаңтарда 1945 жылы Пилица (Польша) өзеніне бірінші болып жетіп және одан алдымен өтеді. Жаудың танктің қарсы шабуылына тойтарыс берді. Ептеп маневр жасау арқасында оның экипажі жаудың 2 «Т-4» танкісін, 3 зеңбірек, 20 автокөлік, 30 сарбаз және офицерлерді жойып, жаудың 20 сарбаз тұтқынға алынды. Соғысты Берлинде аяқтаған. Пилица өзенің өткенде көрсетілген қаҺармандығы және ерлігі үшін, КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президиум Бұйрығымен 1945 жылдың 27 ақпанда С.Г. Амеличкинге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Ленин, Қызыл Жұлдыз, I және II дәрежедегі ордендермен, «Ерлігі үшін», «Варшаваны азат ету үшін», «Берлинді алғаны үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдармен марапаттаған. 1946 жылы мамырда демобилизациялған. Соғыстан кейін Қостанай облысына келіп, трактор бригадасының бригадирі, кейін Ватунин атындағы (кейін Большечураковский ұжымшар) кеңшараның төрағасы, сельпо төрағасы қызметін атқарған. 1956 жылы Қостанай облысының Урицкий ауданының Лермонтов атындағы астықкеңшарына көшіп келіп, комбайншы, электростанциясының моторшы, қоймасының меңгерушісі болып жұмыс атқарды.

1981 жыцлы 15 ақпанда дүние салды. Қостанай облысының Урицкий ауданының Лермонтов астықкеңшарында (қазіргі Қостанай облысының Алтынсарин ауданының Ілияс Омаров атындағы селолық округі) жерленген. Оның аты-тегі Қостанайдың Жеңіс саябағындағы Қаһармандар Алеясында жазылған.

3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін24   Кеше99   Бір аптаның ішінде481   Айында2315   Барлығы212436  
full hd xxx porn bangladesh bane xxx porn xxx www com sex xxx hd besi japan mp4 xxx sunday noon xxx videos
2021, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі