«Жазу құралдарының тарихы» Білім күніне арналған музей сабақтары

01.09.2018
«Жазу құралдарының тарихы»  Білім күніне арналған музей сабақтары

1 қыркүйек – барлық оқушылар, студенттер мен олардың ата-аналары үшін мереке, бұл қоңырау үні, гүлшоқтары, ақ бантик, тебіреністер, әлемнің дәстүрлі оқу жылы.

Дәл осы күні Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері Қостанай қаласының №2 орта мектебінің оқушыларын музей сабақтарына шақырды. Балалар өткен тарихқа қызықты саяхат жасады. Іс-шараға қатысушыларға ата-бабаларымыздың қалай оқығаны, кітаптардың шығу тарихы, жазу құралдарының түрлері туралы қызықты мәліметтер берілді. Сонымен қатар балалар ерте уақыттағыдай таяқшамен балауыз тақталарға және саз кестелерге, сиямен қойдың жауырын сүйегіне және қағазға жазып көрді. Белсенді қатысқан оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.

3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін46   Кеше78   Бір аптаның ішінде211   Айында1745   Барлығы169763  
2019, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі