«Қысқы көріністер» музейдің қор жиынтығынан көркемсурет көрмесі

26.12.2018
«Қысқы көріністер» музейдің қор жиынтығынан көркемсурет көрмесі

Қалыптасқан дәстүр бойынша, осы аязды күндерде, қысқы мерекелер - Жаңа жыл мен Рождество қарсаңында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің экспозициясында «Қысқы көріністер» көрмесі ашылды. Көрмеде өз жұмыстарында қыс тақырыбын қозғайтын суретшілердің туындылары ұсынылған.

Қысқы тақырып ешқашан таусылмайды. Мысалы, Жаңатай Шәрденов өзінің кенептерінде қар басқан шексіз Алматы жазықтарын, Медеудің ақ шыңдарын, тау баурайын бейнелеген.

Наталья Халифаеваның «Автобус аялдамасы» атты кескіндеме туындысында қысқы қала пейзажының жеңілдігі мен әсемдігі көрініс береді. Жарық пен көлеңкенің құбылуы, бөлшектерді мұқият зерделеу суретшіге суық күннің ерекше сезімдік ахуалын құруға көмектеседі. Лев Вейберттің графикалық парақтарында балқарағайлар мен қарағайлардың бұтақтары ежелгі аңыздағыдай, ежелгі неміс ертегілеріндегідей желмен сыбдырлап жоғары көтеріліп өседі. Оның еңбектерінде суреттің шегіне жеткен айқындық және композицияның анық, серпінді ырғағы басым.

Көрмедегі әрбір жұмыс шыңылтыр аязға, күн сәулесімен күмістей жарқыраған қарға және ең бастысы Жаңа жылдың келуін күткен сезімге толы.

3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін23   Кеше139   Бір аптаның ішінде162   Айында2183   Барлығы172628  
2019, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі