«Табиғат пен көшпенді мәдениеттің тұтастығы» - ЭКСПО-2017 аясындағы фотокөрменің ашылуы

21.04.2017
«Табиғат пен көшпенді мәдениеттің тұтастығы» - ЭКСПО-2017 аясындағы фотокөрменің ашылуы

2017 жыл 21 сәуірде картина галереясында Тәуелсіз Қазақстанның ең ауқымды жобасы ЭКСПО-2017 аясында «Табиғат пен көшпенді мәдениеттің тұтастығы» атты фотокөрме ашылды.

Бұл іс-шара Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы тапсырмаларды жүзеге асыру шеңберінде өткізілді.

Қазақтың көшпенді мәдениеті көне заманнан қалыптасқан, онда қазақ халқының дүниетанымы мен өмірдің барлық тұстары айқын көрініс тапқан. «Табиғат пен көшпенді мәдениеттің тұтастығы» фотокөрмесі мазмұнының ең басты басымдығы табиғат, адам және мәдениеттің өзара қарым-қатынасының нәтижесі болып табылатын қазақ халқының көшпенді мәдениетінің құндылықтарын қазақтың ұлттық әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерінде, халық шығармашылығында, ұлттық киімдерде, музыка өнерінде, ұлттық ойындар мен спорт түрінде және т.б. қалай сақталғанын қостанайлық фотосуретшілер өз туындыларында көрсетуге ұмтылған.

Көрмеге қатысып отырған қостанайлық фотосуретшілер Георгий Шаповалов, Игорь Вальтер, Ермұрат Бекмұхамедов, Николай Кудинов, Владимир Моторико, Айбек Жүзбай, Бағдат Ахметбеков, Сергей Фельдман, Олег Яблочкин, Сергей Миронов, Мұхтар Сибанбаев, Иван Мармалиди, Николай Савченко, Николай Соловьев пен «Қостанай агро» облыстық газетінің фототілшілерінің көркем фотосуреттері мен репортаждық түсірілімдеріндегі жергілікті материалдарда қазақтың көшпенді төл мәдениетінің ерекшелігін танытқан.

Наурыз мейрамында түсірілген фотосуреттер экспозицияның ажырамас бөлігі болып табылады. Наурыз - күн мен түннің теңесуі ғана емес, табиғаттың жандануы, осы мерекеде «көкпар», «қыз қуу», «тоғыз құмалақ», «қазақша күрес» сияқты ұлттық ойындар мен салт-дәстүрлер көрініс табады. Бізге сан ғасырдан бабалардың баға жетпес мұрасы жетті. Біз оны домбыра үнінен, сазды әуеннен, шеберлердің қолынан шыққан өнердің ғажайып үлгілерінен көре аламыз.

Көрмеге келген әрбір көрермен қазақтың төл мәдениетімен жақын танысып, өткен тарихымен сабақтастықты сезіне алады.

«Табиғат пен көшпенді мәдениеттің тұтастығы» фотокөрмесі бір ай бойы жұмыс істейді.

3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін26   Кеше64   Бір аптаның ішінде151   Айында1825   Барлығы204136  
full hd xxx porn bangladesh bane xxx porn xxx www com sex xxx hd besi japan mp4 xxx sunday noon xxx videos
2020, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі