«Тіл құдіреті халықты қалыптастырады: Ағайынды Гриммдердің өмірі мен шығармашылығы» атты көрменің ашылуы

24.11.2017
«Тіл құдіреті халықты қалыптастырады: Ағайынды Гриммдердің өмірі мен шығармашылығы» атты көрменің ашылуы

2017 жылдың 24 қарашасында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде Қазақстан мен Германияның дипломатиялық қарым-қатынас орнатқанына 25 жыл толуына орай «Тіл құдіреті халықты қалыптастырады: Ағайынды Гриммдердің өмірі мен шығармашылығы» атты көрменің салтанатты ашылуы өтті.

Көрмеге Кассель қаласындағы ағайынды Гримм музейінің қорынан неміс мәдениетінің ұлы өкілдері Якоб және Вильгельм Гриммнің әдеби және ғылыми қызметіне қатысты сирек кездесетін суреттер мен құжаттар, букинистикалық басылымдар, антикварлық ойыншықтар қойылды. Ағайынды Гриммдердің өздері алғаш 1812 жылы неміс тілінде шығарған ертегілер жинағының түпнұсқасы ерекше көзге түседі, 1814, 1825 жылы шыққан кітаптарымен қатар 1859 жылғы қолжазба күнделік құнды бірегей жәдігер болып табылады, сондай-ақ ағайынды Гриммдердің ертегілеріне ХІХ – ХХ ғ.басындағы танымал суретшілердің иллюстрациялық сериялары да қызығушылық тудырады. Солардың арасында Якоб пен Вильгельмнің ертегілерді тұңғыш безендіруші, кіші інісі Людвигтің суреттері де бар.

Көрме экспозициясын Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі, Таран тарихи-өлкетану музейі қорларынан және «Возрождение» Қостанай облыстық немістер қоғамының шағын музейінен алынған неміс халқының тұрмыстық заттары толықтырды. Көрмеге қостанайлық сәндік-қолданбалы өнер шеберлері дайындаған ойыншық ертегі кейіпкерлері де қойылды.

3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін69   Кеше83   Бір аптаның ішінде403   Айында1689   Барлығы199528  
full hd xxx porn bangladesh bane xxx porn xxx www com sex xxx hd besi japan mp4 xxx sunday noon xxx videos
2020, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі