Социалистік Еңбек Ері К.Б.Дөненбаева туралы жаңа тақырыптық көрме

02.05.2019
Социалистік Еңбек Ері К.Б.Дөненбаева туралы жаңа тақырыптық көрме

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Қостанай облысы: арман және орындалу» залында Социалистік Еңбек Ері К.Б.Дөненбаева туралы жаңа тақырыптық көрме ашылды.

Экспозицияға К.Дөненбаеваның жеке заттары, түпнұсқа құжаттары, фотосуреттері, марапаттары қойылған, бұл - құрмет грамоталары, мандаттар, жеке куәліктер және КСРО Жоғарғы Кеңесінің төсбелгісі, «Социалистік жарыстардың жеңімпазы» төсбелгілері, «Қостанай қаласының құрметті азаматы» лентасы ұсынылған. Сонымен бірге белгілі тракторшыға С.М.Киров атындағы ленинград зауытының жұмысшылары 1980-ші жылдары сыйға тартқан К-700 тракторының үлгісі де көрмеден орын алған.

Кәмшат Байғазықызы Дөненбаева (1943-2017) - Қостанай облысы Боровской ауданының «Харковьский» кеңшарының тракторшысы, КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Ұлттар Кеңесі төрағасының орынбасары, Социалистік Еңбек Ері. 1943 жылы Қостанай облысы Ұзынкөл ауданының Ленин атындағы кеңшарында дүниеге келген. Кәмшат еңбек жолын 1957 жылы Демьяновский (Ұзынкөл) элеваторында жұмыс істеуден бастаған. 1961 жылы механизаторлар курсын аяқтап, қайта құрылған «Харьковский» кеңшарына жұмысқа орналасады. Оған доңғалақты «Беларусь» тракторы сеніп тапсырылады, Кәмшат бір жылдан кейін жоғары еңбек өнімділігіне қол жеткізіп, жоспарлы 720 гектардың орнына 1018 гектар жерді жыртты. Көп ұзамай ауысымдық мөлшерді 150-200 пайызға орындады. Ол еңбексүйгіштігімен, өз ісін жоғары кәсіби деңгейде меңгергендігінің арқасында бүкіл елге танылды. Кәмшат Дөненбаева Ленин орденімен марапатталып, облыстық халық депутаттары кеңесіне депутат болып сайланады, Қазақстан компартиясының Боровской аудандық комитетіне мүше болады. 1972 жылы қайырмасыз соқамен жер жыртуда әйел механизаторлар арасында өткізілген облыстық жарыста бірінші орынға, республикалық жарыста үшінші орынға, 1973 жылы Ростов облысындағы бүкілодақтық жарыста жүлделі орынға ие болған. Бүкілодақтық халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінде Кәмшат Дөненбаеваға құрмет дипломы мен «Москвич» автомашинасы берілді. Ол КОКП-нің ХХV және XXVI съездерінің делегаты, КСРО Жоғарғы Кеңесінің IX шақырылымының депутаты (1974). Еңбектегі зор табысы және тоғызыншы бесжылдық тапсырмасын мерзімінен бұрын орындағаны үшін 1975 жылы 10 ақпанда КСРО Жоғарғы Кеңесі Президимуының Жарлығымен Кәмшат Дөненбаеваға Социалистік Еңбек Ері атағы Ленин орденімен және «Орақ пен Балға» алтын медалімен бірге беріледі. 1976 жылы КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. Кәмшат Дөненбаева екі Ленин және «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған. 2017 жылы 9 қарашада дүниеден озды. Оның есімі Қостанай облысының жеңіспаз және даңқты тарихымен тығыз байланысты.

3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін4   Кеше78   Бір аптаның ішінде82   Айында1153   Барлығы167064  
2019, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі