«Шығармашылық – өмірдің мәні» ҚР Суретшілер одағының мүшесі Георгий Соковтың 80 жасқа толуына арналған дербес көрме.

02.02.2021
«Шығармашылық – өмірдің мәні»  ҚР Суретшілер одағының мүшесі Георгий Соковтың 80 жасқа толуына арналған дербес көрме.

Георгий Михайлович Соков – Қазақстан Республикасының Суретшілер одағының мүшесі, дарынды кескіндемеші, график, сценограф, монументалист. Жарты ғасырдан астам шығармашылық қызмет барысында ол бейнелеу өнерінің әртүрлі техникалары мен жанрларында 600-ге жуық туындылар жасады. Г. Соковтың мерейтойлық көрмеге қойылған туындылары – жетілген шеберлік пен терең философиялық мазмұнның бірігуі.

Георгий Соков дүниеге деген жеке көзқарасы мен жоғары кәсіби біліктілігінің арқасында бүкіл әлемге танымал болды, суретші көптеген халықаралық, республикалық, облыстық және қалалық көрмелерге қатысты. Оның туындылары Алматыдағы Ә.Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейінде, Нұр-Сұлтан, Павлодар, Қостанай, Петропавл, Троицк қалаларындағы музейлерде, жеке коллекциялар мен Ресей, Польша, Румыния, Италия, Франция, Бельгиядағы музейлерде бар.

Георгий Михайлович Соков - «Мәдениет және өнер саласындағы көрнекті жетістіктері үшін» Қостанай облысы әкімі сыйлығының және Қостанай меценаттар клубының «Қазына» номинациясы бойынша сыйлығының лауреаты. Ол Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Мәдениет қайраткері» құрметті төсбелгісімен және Нұр-Сұлтан қаласының Суретшілер одағының «Құрмет» белгісімен марапатталды.

Г.Соков қылқаламды асқан шеберлікпен игергендігімен ерекшеленеді, бұл оған сезімдері мен ойларын кенепке кескіндеме тілінде бейнелеуге мүмкіндік береді. Суретшінің тақырыптық шығармаларының сарыны алуан түрлі — аңыздар, інжіл тарихы, жоғары поэзия, халықтық фольклор, балалық шақ туралы естеліктер және саяхаттан алған әсерлері. Оның ерекше кескіндеме тәсілімен кенеп аясында автордың айқын және әсерлі темпераменті, қоршаған әлемді түсінудегі символизм мен метафоризм беріледі. Суретші үнемі жақсы шығармашылық формада болады және кейде шабыттың келуін күтпейді: «... қылқаламды алып, жұмысқа кірісіп кетеді»

3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін21   Кеше99   Бір аптаның ішінде478   Айында2312   Барлығы212433  
full hd xxx porn bangladesh bane xxx porn xxx www com sex xxx hd besi japan mp4 xxx sunday noon xxx videos
2021, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі