«Санкт-Петербург қаласындағы Ресей мемлекеттік тарихи архивінен алынған  1896 жылғы Қостанай қаласы картасының тұсаукесері»

01.03.2023
«Санкт-Петербург қаласындағы Ресей мемлекеттік тарихи архивінен алынған  1896 жылғы Қостанай қаласы картасының тұсаукесері»

Бүгін Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қоры бірегей құжатпен – қаламыздың алғашқы жоспарларының бірінің көшірмесімен толықтырылды. 

1896 жылы жазылған бұл картаны филология ғылымдарының докторы, А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-нің қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасының профессоры Әбсадық Алмасбек Ахметұлы Санкт-Петербург қаласындағы Ресей мемлекеттік тарихи архивінен тапқан.

Орман ведомствосының аға топографы аула кеңесшісі Белоглазов жасаған жоспарда қаланың нақты сызбасы берілген, ал сипаттамада халық саны, қоғамның таптық құрылымы, жер телімдерінің көлемі туралы толық мәліметтер жазылған.

 

Карта қазірдің өзінде «Қостанай қаласының құрылу тарихы» залында құрметті орынға ие болды және музейдің барлық келушілері үшін қолжетімді.

kz kz 3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін208   Кеше234   Бір аптаның ішінде1581   Айында701   Барлығы309859  
2023, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі