ҚР Суретшілер одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Көркемсурет академиясының академигі Марат Тоқсайытовтың «Туған өлкем» атты дербес көрмесінің ашылуы.

24.11.2016
ҚР Суретшілер одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Көркемсурет академиясының академигі Марат Тоқсайытовтың «Туған өлкем» атты дербес көрмесінің ашылуы.

23 қарашада Картина галереясында ҚР Суретшілер одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Көркемсурет академиясының академигі Марат Тоқсайытовтың (Астана қаласы) «Туған өлкем» атты дербес көрмесінің ашылуы өтті.

Қазақстанның танымал суретшісі Марат Тоқсайытов өзінің 70 жылдығы қарсаңында туған жері Қостанайда дербес көрмесін ашты.

Марат Төлегенұлы Тоқсайытов 1947 жылы 4 қаңтарда Қостанай облысы Қарабалық ауданының Ново-Троицк кентінде дүниеге келген. Н. В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін аяқтағаннан кейін, Целиноград көркемсурет шеберханаларында жұмыс істеді. 1977 жылдан Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі. 2000-2004 жылы Астана қаласындағы Суретшілер одағының төрағасы болды, қазіргі уақытта Астана қаласындағы Суретшілер одағы төрағасының орынбасары қызметін атқарады. 2005 жылы М.Т.Тоқсайытовқа Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері құрметті атағы берілді. 2006 жылы Қазақстан Республикасы Көркемсурет академиясының академигі атағына ие болды. 2011 жылы Марат Тоқсайытов ҚР Суретшілер одағы тағайындаған жоғары марапат – алтын төсбелгімен марапатталды. 2015 жылы «Құрмет» орденімен марапатталған.

«Туған өлкем» көрмесінде 30-дан астам шығармашылық туындылары - портрет және пейзаждар ұсынылып отыр.

Талантты суретші Марат Тоқсайытов пейзаж, портрет, натюрморттың қас шебері, монументалды суретшінің есімі Қазақстан Республикасы мен одан тысқары жерлерге де жақсы таныс.

Оның картиналары Астана қаласындағы Қазіргі өнер музейінде және Суретшілер үйінде, Мәскеу қаласындағы Мемлекеттік Третьяков галереясы мен Жаңа Манежде, сондай-ақ Қазақстанның көптеген қалаларындағы көрме залдары мен галереяларда қойылды. Марат Тоқсайытовтың көркемсурет туындылары Астана қаласындағы Қазіргі өнер музейінің қорында, Ресей, Венгрия, Норвегия, АҚШ, Германия және басқа да елдердің жеке коллекцияларында бар.

М. Тоқсайытовтың туындылары өзінің жоғары кәсібилігі және көзқарасының сонылығымен ерекшеленеді, көз алдыңда өзінің туған өлкесін шексіз сүйіп, оны туындыларында бейнелейтін суретші-лириктің тұлғасы тұрады. Марат Тоқсайытов табиғатты терең түсінеді, оны адам ойы мен сезімінің орасан байлығымен көрсете біледі.

«Туған өлкем» көрмесі 1 апта бойы жұмыс істейді.

3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін17   Кеше87   Бір аптаның ішінде377   Айында2051   Барлығы204362  
full hd xxx porn bangladesh bane xxx porn xxx www com sex xxx hd besi japan mp4 xxx sunday noon xxx videos
2020, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі