«Қазақ даласының шам-шырағы» атты көрменің ашылуы

19.10.2016
«Қазақ даласының шам-шырағы» атты көрменің ашылуы

1910201603

2016 жылдың 13 қазанында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде қазақтың ұлы ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің 175-жылдығына арналған «Қазақ даласының шам-шырағы» атты көрме ашылды.

Ыбырай Алтынсарин - ХІХ ғ. көрнекті ағартушысы, жаңашыл педагог, Торғай облысы халық мектептерінің инспекторы, қоғам қайраткері, Қостанайдағы тұңғыш орыс-қазақ мектебінің негізін қалаушы, қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, этнограф-ғалым, Императорлық орыс географиялық қоғамының мүшесі.

Көрмеге музейдің қор жиынтығынан Г.Угай 1958 ж. салған «Ы.Алтынсарин шәкірттерімен бірге» картинасы, суретші А.Богданов салған ағартушының портреті, КСРО Суретшілер одағының мүшесі К.Плюхиннің «Алтынсарин ауылдастары арасында кітап оқуда» және «Алтынсарин Қостанайдың кең даласында шәкірттерімен бірге» атты графикалық туындылары қойылған.

Қостанайлық суретші Ю.Новоселов Ыбырай Алтынсарин жанұясының құдығы мен кесенесін салып, ұлы ағартушы өмірінің бастауы мен соңын өз туындыларында мәңгі қалдырды.

1910201601

«Қазақ даласының шам-шырағы» атты көрме экспозициясын Ы.Алтынсариннің әдеби шығармалары желісімен салынған Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының тарих және өнер факультеті студенттерінің акварельдері толықтырады.

Іс-шара барысында көрме қонақтары-қөркемөнер зиялылары, көркемсурет мамандығының студенттері мен оқушылары тұңғыш мұғалімнің қызметі және шығармашылығымен танысты.

Көрмеде ұсынылған шығармашылық жұмыстың авторы, жас суретші Инабат Жұматаева көрермендерге осы туындыны жасаған кездегі сезімі туралы айтты.

Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен қызметі туралы музейдің қор жиынтығындағы фотоқұжаттық материалдардан құрылған бейнекөрсетілім ұсынылды.

3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін0   Кеше71   Бір аптаның ішінде405   Айында1691   Барлығы199530  
full hd xxx porn bangladesh bane xxx porn xxx www com sex xxx hd besi japan mp4 xxx sunday noon xxx videos
2020, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі