«Отбасында татулық болса, қазынаның керегі не?» Ұлттық отбасы күніне орай музей мейрамы

06.09.2019
«Отбасында татулық болса, қазынаның керегі не?» Ұлттық отбасы күніне орай музей мейрамы

Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Еліміздің мерекелер күнтізбесіне бұл күннің енуі сан ғасырлар бойы қалыптасқан отбасылық құндылықтардың жандануына, дәстүрлердің жаңғыруына, түрлі буын өкілдерінің арасындағы сыйластықтың нығаюына, ұрпақ тәрбиесіне жаңаша дем беріп, өнегелі әулеттердің өрісін кеңейтуге ықпал етті.

6 қыркүйекте Ұлттық отбасы күніне арналған музей мерекесіне көп балалы жанұялармен қатар жас отбасылар да қатысты.

Іс-шараны ұйымдастырушылар қонақтарға әртүрлі байқаулар, ойындар, тосынсыйлар, «Отбасылық әндерден» караоке және «Отбасында татулық болса, қазынаның керегі не?» тақырыбында тағы көптеген қызықты бағдарлама дайындады. Тұтқышевтар отбасының апалы-сіңлілі қыздары орындаған ана туралы ән өте әсерлі болды. Мереке барысында отбасы және отбасылық құндылықтар туралы мәліметтер берілді. Әр отбасы тобы қағаз бетіне өздері туралы, достары жайында, демалысты отбасымен қалай өткізетіні, мерекелерді қалай атап өтетіндері сияқты т.б. жақсы көретін ермектерін коллаж түрінде көрсетті. Олар сәулетші рөліне еніп «Өз арманындағы үй» үлгісін жасап көрді. Мереке шырайын әсем әуен мен сәндік жабдықтар одан әрі көркейте түсті. Музей холында қор жиынтығы туындыларынан «Отбасы - бақыт мекені» атты көрмесі, сәбилерге арналған ойын алаңы, фото-зона, аквагрим жұмыс істеді.

Мереке соңында іс-шараға қатысушылар бір-біріне жылы лебіздерін естіртіп, болашақта өз отбасының өмірі қалай өрілетіні туралы айтып берді.

3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін147   Кеше330   Бір аптаның ішінде477   Айында1587   Барлығы175633  
2019, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі