Тұңғыш Президент күніне арналған іс-шара туралы

06.02.2015
Тұңғыш Президент күніне арналған іс-шара туралы

1 желтоқсан - Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні. 1991 жылғы 1 желтоқсанда бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде еліміз өзінің тұңғыш Президентін сайлады және осы күннен тәуелсіздік тарихы басталды.

2011 жылғы 14 желтоқсанда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, онда 1 желтоқсанда аталып өтілетін жаңа мемлекеттік мереке - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін белгілеу көзделген болатын.

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған бір қатар іс-шаралар өткізді.

2014 жылы 25 қарашада мұражай кызметкерлері мультимедиялық презентация арқылы Қостанай облыстық Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлеріне және 28 қарашада ҚР ҰҚК ШҚ №2031 әскери бөлімі офицерлеріне «Н.Назарбаев – саясаткер және тұлға» атты дәріс оқыды. Мультимедиялық презентация Ұлт көшбасшысы туралы тың деректермен толықтырылып отырылды. Дәріс соңында «Көшбасшының жасампаз қуаты» атты деректі фильм көрсетілді

2014 жылы 27 қарашада Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайында А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ және З.Алдамжар атындағы ҚӘТУ студенттеріне арналып «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты портрет-кеш өтті. Іс-шараға арнайы шақырылған қонақтар Қостанай облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары, Қостанай қаласының Құрметті азаматы Семенова Вера Григорьевна және «Шарк» тәжік-өзбек орталығының президенті Эргашвой Эрматұлы Холметов жастарға Елбасымен кездескен алғашқы кездесулері туралы ой бөлісіп, Н.Назарбаев - мемлекеттігімізді орнатып, оны қалыптастырып, экономикасын реформалау арқылы өзін де, елін де әлемге мойындатқан аса дарынды тұлға екенін айтып өтті.

Шара барысында Тұңғыш Президенттің бала кезінен бүгінгі күнге дейінгі өмірі баяндалды және Елбасы туралы деректі фильм көрсетілді. Кездесу соңында қонақтар «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президеті Н.Ә.Назарбаев» атты тұрақты көрмені тамашалады.

1 желтоқсан 2014 жылы Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай «Президентке хат» акциясы ұйымдастырылды. Іс-шараның түп мақсаты – жастардың Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевқа ең жылы лебіздері мен ыстық ықыластарын білдіру және құттықтау еді. Мұражайға келушілер мұражай қызметкерлері дайындаған үлкен конвертке Елбасына денсаулық, амандық тілеп, ел тәуелсіздігі жасап жатқан жұмыстарына сәттілік тілектерін жазып салды.

Галерея изображений

photo06022015_01.jpg photo06022015_02.jpg photo06022015_03.jpg photo06022015_04.jpg photo06022015_05.jpg
3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін36   Кеше81   Бір аптаның ішінде117   Айында1403   Барлығы199242  
full hd xxx porn bangladesh bane xxx porn xxx www com sex xxx hd besi japan mp4 xxx sunday noon xxx videos
2020, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі