«Соғыс деген суық сөз» - Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына орай ақын Қ.Жармағанбетов жырларындағы ерлік пен Отансүйгіштік тақырыбына арналған сазды-көркем кештің өткізілгендігі туралы Жаңалық

08.05.2015
«Соғыс деген суық сөз» - Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына орай ақын Қ.Жармағанбетов жырларындағы ерлік пен Отансүйгіштік тақырыбына арналған сазды-көркем кештің өткізілгендігі туралы Жаңалық

2015 жылдың 6 мамырында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына орай көрнекті ақын Қайнекей Жармағанбетов жырларындағы ерлік пен Отансүйгіштік тақырыбына арналған «Соғыс деген суық сөз» атты кеш өтті. Ақын-жазушылар С.Оспанов, А.Шаяхметов, Н.Мұқатов, журналист, өлкетанушы Қ.Орманов, композитор Б.Сәуекенов, Қайнекей Жармағанбетовтің туыстары еңбек ардагері Жандарбек Сейітов, Күләш апай, Айшагүл Мұқатова және мәденеиет саласының қызметкерлері, Қостанай мемлекеттік университетінің студенттері қатысты.

Кеш барысында мұражай қорынан алынған Қ.Жармағанбетовтің фотосуреттері мен кітаптарының көрмесі қойылып, компьютерлік тұсаукесер көрсетілді. Кеште ақын-жазушылар, туыстары Қ.Жармағанбетовтің өмірі мен шығармашылығы туралы айтып, С.Оспанов ақынға арнаған өлеңін оқыды. Композитор Б. Сәуекенов ақынға арналған «Терең едің теңіздей» әнін, Н.Мұқатов Қ.Жармағанбетовтің «Бір досыма» өлеңін домбырада орындады. А.Мұқатова ақынның «Кекті бала», студенттер Э.Егізбаева, А.Құлтаева, Ж.Тошева «Қарт солдат өсиеті», «Ана кегі», «Солдат анасы» өлеңдерін оқыды. Кеш соңында Н.Мұқатов және Б.Сәуекенов «Ағасы бар інілер бақытты» әнін шырқады.

3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін46   Кеше78   Бір аптаның ішінде211   Айында1745   Барлығы169763  
2019, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі