Мұражайдың 100 жылдығына орай шығарылған кітаптар тұсаукесерін өткізу туралы жаңалық

03.08.2015
Мұражайдың 100 жылдығына орай шығарылған кітаптар тұсаукесерін өткізу туралы жаңалық

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайының 100 жылдық мерейтойына қарсаң 125 мың сақтау бірлігінен тұратын мұражай қорындағы бірегей мұралар туралы сыр шертетін мемлекеттік және орыс тілдеріндегі екі суретті альбом шығарылды.

«Қасиетті мұра» суретті альбомындағы 324 мұражай жәдігерлері: палеонтологиялық сирек кездесетін жәдігерлер, археологиялық ескерткіштер, тарихи және этнографиялық раритеттер, бейнелеу өнері шеберлерінің туындылары деп аталатын бірнеше тараулардан тұрады.

«Өнер уақытқа тәуелді емес. Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қорынан бейнелеу өнері шеберлерінің туындылары» суретті альбомы қор жиынтығындағы 121 кескіндеме, графика, мүсіндік туындыларынан тұрады.

Облыстық мұражайының мамандары Ә.Х. Марғұлан атындағы археология Институтының (Алматы), А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ археолгиялық зерттеулер лабораториясының ғалымдарымен бірлесіп және Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет Басқармасының қолдауымен «Ежелгі Торғай-ұлы дала төсіндегі асыл алқа» атты ғылыми мақалалар жинағы шығаруы мерейтойлық жылдың маңызды оқиғасы болды.

Мақалаларда Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Германия, Украина, Румыния, Қытайдың ғылыми-зерттеу орталықтарының 61 авторлары Еуразия Ұлы Дала белдеуінің (Тобыл және Ертіс, Торғай, Жетісу, Алтай, Орал – Волга жағалауы, Маңғыстау және т.б.) ежелгі тарихының маңызды аспектілерін қозғап, орта ғасырлықтан бастап тас дәуіріне дейін Ұлы Торғай археологиялық ескерткіштерінің бірегейлігін атап өтті. Жинақ құруында археологтармен бірге іргелес - антропология, aрхеозоология, геология ғылымдардың мамандары қатысты.

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайының археологиялық коллекциялардың көпшілігі - ғылыми-зерттеу Торғай археологиялық экспедициясы зерттеулерінің нәтижесі, ол туралы жинақ материалдарында жиі айтылады.

31 шілде 2015 жыл, 15-00 Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы холында жаңа шығарылымдардың тұсаукесері өтті.

Тұсаукесер барысында Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының басшысы Л.А.Сероус, Қостанай облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының басшысы Ж. Қ.Маканов, тарих ғылымдарының кандидаты, А. Байтурсынов атындағы ҚМУ профессоры Қ.Х.Жақып, ҚМПИ Қазақстан тарихы кафедрасы оқытушысы Ө.И.Есенов, А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ археолгиялық зерттеулер лабораториясының қызметкері И.В.Шевнина, белгілі қостанай суретшісі, Қазақстан суретшілер Одағының мүшесі Г.М.Соков сөз сөйледі.

Кітап даналары салтанатты түрде облыстық Л.Толстой атындағы әмбебап ғылыми кітапханасына, Ы.Алтынсарин атындағы балалар жасөспірімдер кітапханасына және Н.Островский атындағы Орталық қалалық кітапханасына тапсырылды.

3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін6   Кеше80   Бір аптаның ішінде1094   Айында2204   Барлығы176250  
2019, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі