М.Қарабаевтың 160 жылдығына арналған көрме

20.08.2018
М.Қарабаевтың 160 жылдығына арналған көрме

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері 20 тамызда Меңдіқара ауданының Боровской ауылында аудандық МҮ бірлесіп жоғары медициналық білімі бар қазақтың тұңғыш кәсіби дәрігері Мұхаметжан Қарабаевтың 160 жылдығына арналған көрме ұйымдастырды. Мұхаметжан Қарабаев (1858-1928) - еңбекқор, тақуа, адал ниетті ерекше жаратылған жан еді. Қарапайым қазақ бақташының біртума жан екендігін көрнекті педагог, ағартушы Ы.Алтынсарин байқаған және Троицк гимназиясына оқуға түсуге көмектескен. Жас Мұхаметжан Қарабаев 1881 жылы кәмелеттік аттестат алған кезде Торғай облысына 105 мың шаршы шақырым аумақта орташа есеппен бір дәрігер, бір фельдшер және бір кіндік шешеге 82 мыңнан астам адамнан келді.

Мұхаметжан Қарабаев Семиозер және Боровской ауруханаларын басқарған ауыр жылдарда тек медициналық аспаптар ғана емес, кей кезде сабын да жетіспеді. Ол 1927 жылы денсаулығы сыр бергесін, өмірінің мәніне айналған жұмысын тоқтатады. Оған денсаулық саласындағы зор еңбегі үшін дербес зейнетақы тағайындалды. Бірақ, 1928 жылы адамдардың есінде өзі туралы жақсы естелік пен игілікті ісін қалдырып, еш байлық жинамастан қарт дәрігер өмірден озды.

Галерея изображений

img01.jpg img02.jpg img03.jpg img04.jpg
3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін51   Кеше215   Бір аптаның ішінде1059   Айында2169   Барлығы176215  
2019, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі