Ұлт көшбасшысы туралы «Мемлекет негізін қалаушы: жасампаздыққа 25 жыл» фотокөрмесінің ашылуы

25.01.2016
Ұлт көшбасшысы туралы «Мемлекет негізін қалаушы: жасампаздыққа 25 жыл» фотокөрмесінің ашылуы

2016 жылы 22 қаңтарда картина галереясында Ұлт көшбасшысы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев туралы «Мемлекет негізін қалаушы: жасампаздыққа 25 жыл» атты фотокөрме ашылды.

Көрмеге қостанайлық тоғыз автордың Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған отыздан астам фотожұмыстары қойылды. Көрмеден орын алған барлық фотосуреттердің басты кейіпкері - өз Президентімен бірге қуатты егеменді мемлекет құрған, татулық пен ынтымағы жарасқан көп ұлтты Қазақстан халқы.

Көрмеде жергілікті «Қостанай таңы», «Костанайские новости», «Костанай - АГРО» газеттерінің фототілшілерінің репортаждық суреттері де көп. Түрлі жанрдағы фотосуреттерде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өңірімізге жұмыс сапары, сонымен қатар қостанайлықтардың өміріндегі ерекше мәні бар сәттер бейнеленген.

«Қамысты жаңалықтары» аудандық газетінің бас редакторы Ермұрат Бекмұхамедовтің өзінің туған өлкесі және атақты жерлестері – Қазақстанның бірінші фермері Жәзит Құдайқұлов, Қазақстанның Еңбек Ері Борис Князев туралы сыр шертетін фотоколлажы көрерменнің ерекше ықыласына ие болды.

Тақырыптары мен шығармашылық қолтаңбалары алуан түрлі, белгілі қостанайлық фотосуретшілер Бағдат Ахметбеков, Сергей Миронов, Георгий Шаповалов, Николай Соловьев, Игорь Вальтер, Иван және Никас Мармалиди (әкелі-балалы) өздерінің авторлық жұмыстарын ұсынды.

Көрменің салтанатты ашылуына Қостанай фотосуретшілері және суретшілер, ЖОО студенттері, БАҚ өкілдері, Қостанай тұрғындары (барлығы 156 адам) келді. Көрмеге келушілер Л.Толстой атындағы ОӘҒК қызметкерлері әзірлеген тақырыптық кітап көрмесімен танысты. Мерекелік көрменің ашылуында «Мирас» этнографиялық халық аспаптар ансамблінің вокалдық тобының орындауында әндер орындалды.

Көрменің қатысушылары мен қонақтарының алдында Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Қ.Т.Есімтаев, Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшысы Ж.Қ.Мақанов, «Костанайские новости» газетінің бас редакторы, Қазақстан Журналистика академиясының академигі, Қостанай облысының құрметті азаматы, «Екі ел, екі тағдыр және бір мақсат» (Нұрсұлтан Назарбаев: Ұлт көшбасшысы, еуразиялық ойшыл, Владимир Путин: барлаушы, саясаткер, патриот) кітабының авторы С.В. Харченко, фотосуретші Ермұрат Бекмұхамедов және т.б. сөз сөйледі.

«Мемлекет негізін қалаушы: жасампаздыққа 25 жыл» атты фотокөрмені Қостанай қаласының ғана емес, шалғай ауданның тұрғындары да көре алады, мерекелік жыл бойы Қостанай облысының мемлекеттік мұражайларында көрмеде қойылады.

3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін25   Кеше69   Бір аптаның ішінде94   Айында25   Барлығы204580  
full hd xxx porn bangladesh bane xxx porn xxx www com sex xxx hd besi japan mp4 xxx sunday noon xxx videos
2020, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі