«Өлеңмен өрілген өмір» - Қазақ КСР-нің халық жазушысы, ақын, публицист С.Мәуленовтің туғанына 100 жыл толуына арналған портрет-кеш.

16.09.2022

17 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның халық жазушысы, 1-дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Ту, Халықтар Достығы, «Құрмет Белгісі» ордендерінің иегері, ақын Сырбай Мәуленовтің туғанына 100 жыл толады. Сырбай Мәуленов қырыққа жуық  жинақтардың авторы. Ақынның 100 жылдық мерейтойы қарсаңында 2022 жылдың 15 қыркүйегінде Қостанай облыстық тарихи-өлктану музейі «Өлеңмен өрілген өмір» атты портрет-кеш өткізді. Шараға  қатысушылар Сырбай Мәуленовтің өмірі мен шығармашылығы жайлы білді, оның өмірбаянының қызықты және көпшілікке белгісіз деректерімен танысты. Оқушылар автордың өлеңдерін оқыды, сондай-ақ ақын өмірінің беттерін ашатын бейнероликтер көрсетілді. Жазушының шығармашылығымен танысу мақсатында шағын көрме ұйымдастырылды.

kz 3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін68   Кеше325   Бір аптаның ішінде926   Айында68   Барлығы274966  
2022, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі