Л.И.Русин атындағы жеке көркемсурет мектебі оқытушылары мен оқушыларының «Көктемгі вернисаж» атты бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер көрмесінің ашылуы.

18.03.2019
Л.И.Русин атындағы жеке көркемсурет мектебі оқытушылары мен оқушыларының «Көктемгі вернисаж» атты бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер көрмесінің ашылуы.

Наурыз мейрамы қарсаңында «Л.И.Русин» жеке мектебінің оқушылары мен оқытушыларының «Көктемгі вернисаж» атты көрмесі ашылды. Көрмеде көркемсурет мектебі оқытушылары мен оқушыларының 150-ден астам кескіндеме, графика, сәндік-қолданбалы туындылары қойылған.

2019 жылы Л.И.Русиннің шәкірті Наталья Николаевна Ниязбаева жетекшілік ететін көркемсурет мектебіне төрт жыл толады. Бұл мектепке ұстазының есімін беру Наталья Николаевнаның бастамасы еді. Леонид Иванович Русин (1939-2009 жж.) Қазақстан Республикасы халық ағарту ісінің үздігі және 26 жыл бойы А.И.Никифоров атындағы көркемсурет мектебінің директоры болды. Сіңірген еңбегі үшін Л.И. Русин Қостанай меценаттар клубынан арнайы Президенттік мәдениет орталығының дипломымен марапатталды. Ол Қостанай облысының бейнелеу өнерін оқытуға үлкен үлес қосты және көптеген дарынды шәкірттерді тәрбиеледі.

Шығармашыл, кәсіби ұжымда Қазақстан Республикасы суретшілер одағының мүшелері, белгілі қостанайлық суретшілер С.Д.Луговой, Т.В.Изюмова және тәжірибелі, қамқоршыл мұғалімдер Г.А. Шестакова, Г.А. Никифорова, В.В.Корпушевская, А.П.Зайнуллина, В.И.Двуреченская, С.С.Щербакова және басқалар жұмыс істейді.

Л.И. Русин атындағы жеке көркемсурет мектебінде әр түрлі жастағы 250-ден астам оқушы білім алады. Бүгінгі күні оның алғашқы 20 түлегі бейнелеу өнерімен байланысты мамандықтарды таңдады. Көптеген бұрынғы студенттер Қазақстан мен Ресейдің танымал шығармашылық университеттерінің студенттері болып табылады.

3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін3   Кеше187   Бір аптаның ішінде981   Айында1030   Барлығы175076  
2019, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі