«Киіз әлемі» сәндік - қолданбалы өнер көрмесінің ашылуы.

18.03.2017
«Киіз әлемі» сәндік - қолданбалы өнер көрмесінің ашылуы.

01

2017 жылы 17 наурызда 15.00-де картина галереясында «Киіз әлемі» атты сәндік-қолданбалы өнер көрмесі ашылды.

02

Киіз көшпенді халықтардың тұрмысында кең қолданылса, қазіргі таңда да өз мәнін жойған жоқ. Ол экологиялық таза, қарапайым, иілгіш және кез келген ортада үйлесім табады. Киіз басудың дәстүрлі әдістері мен қазіргі құрғақ басу тәсілерін қолдана отырып, білікті шеберлер киізден қайталанбас, ерекше картиналарды, әр алуан заттар мен әшекей бұйымдар - кілемдер, сөмкелер, киім-кешек пен аяқкиім, бөкебайлар, телефон қаптарын, моншақтар, ойыншықтар, гүлдер жасайды.

03

Сан қырлы киіз әлемінен сыр шертетін көрмеден Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшелері Светлана Шалунова, Баян Баталова, Светлана Каратаева; қолөнер шеберлері-суретшілер апалы-сіңлілі Ирина мен Наталья Ильчибаевалар, Елена Корякина, Арлан Аңқауов, Динара Қыпшақбаева, Наталья Шаровалардың бұйымдарын көруге болады.

04

Киіз - қазақтың дәстүрлі қолөнерінде ең көп пайдаланылатын материалдардың бірі. Ежелгі Қазақстанның көшпенді тайпаларында киіз біздің дәуірімізге дейінгі I мыңжылдықтан мәлім болған. Оны адам баласы өмір бойы қолданады. Киізді тұрмыста барлық қажетіне жаратқан. Баспанасына жабынды, жерге төсеніш, үстіне киім етіп, атқа киізден жабу жапқан. Дәстүрлі ұғымдарға сенсек, киіз жын-шайтан мен дұшпанынан сақтап, ыстық пен суықтан қорғаған.

05

«Киіз әлемі» көрмесі бір ай бойы жұмыс істейді.

3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін26   Кеше64   Бір аптаның ішінде151   Айында1825   Барлығы204136  
full hd xxx porn bangladesh bane xxx porn xxx www com sex xxx hd besi japan mp4 xxx sunday noon xxx videos
2020, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі