Халықаралық музей күніне арналған «Музей түні - 2019» интерактивті акциясының АНОНСЫ

15.05.2019
Халықаралық музей күніне арналған  «Музей түні - 2019»  интерактивті акциясының  АНОНСЫ

Өткізілетін уақыты: 17 мамыр 2019 ж., сағат 18.00-ден 23.00-ге дейін.

Өткізілетін орны: Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі (экспозиция және көрме залдары, музейдің ішкі ауласы, Тарихи бақ) Алтынсарин көшесі, 115 мекенжайы бойынша

18 мамыр - Халықаралық музей күні. Музейге әдеттен тыс уақытта және тосын жағдайда келуге мүмкіндік беретін «Музей түні» мәдени-білім беру акциясы әлемнің 150 елінде өткізіледі. Халықаралық музей кеңесінің Консультативтік комитеті (ИКОМ) 2019 жылы музей күнінің басты тақырыбын «Музей мәдениет орталығы: дәстүр болашағы» деп таңдады. Осы тақырыпты аша отырып, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі «Музей түні - 2019» акциясының тұжырымдамалық негізі ретінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласын таңдады.

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде музей түні «Елін сүйген Елбасы» атты көрменің және «Қызғалдақтар - Ұлы дала символы» фотокөрмесінің тұсаукесерінен басталады. Қазақтың киіз үйінде этнографиялық театрландырылған - ойын бағдарламасы кезінде музейге келушілер қазақ халқының ерекше салт-дәстүрлері мен әдеп-ғұрыптарымен таныса алады.

Осы ерекше түнде балалар мен үлкендерді металлургияның ежелгі технологиясымен танысу, «Ұлттық спорт түрінен балалар – жасөспірімдер мектебі» КММ және «Қазақ тұлпары» ЖШС аттарымен серуендеу, «Темір түмен» тарихи қайта құру клубының Қостанай бөлімшесі мүшелерімен тілдесу, жанданған картиналар, йогадан және үнді биінен шеберлік-сағаттары, фламенко және зумба, тағы көптеген шаралар күтеді.

Түнгі музейдің эксклюзивті көрмелерінің арасында: жаңа түсімдер көрмесі, «Бабалар келбеті» антропологиялық көрмесі, остеологиялық қор жиынтығынан «Жануарлар патшалығының тәжі» атты көрмесі бар. «Сипап тану музейі» интерактивті көрмесі ұмытылмас әсер сыйлайды.

Қостанайлықтар мен қала қонақтары «Аңшылар мен браконьерлер» экобағдарламасында болып, «Сюрприз» балалар театрының көріністерін тамашалап, «ShowBooom» балаларға қуанышқа бөлеу бюросының таңғажайып крио-сияпаттарының дәмін татып көре алады.

«Партия алтыны» атты тарихи квестке қатысушыларды өткенге тартымды саяхат күтеді.

Музей түнінің қонақтарына қосымша бонус ретінде балаларға арналған ойын алаңы, әсерлі ән-би бағдарламалары, шеберлік-сағаттары және қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкелері, музейдің ішкі көрінісінде және музей керек-жарақтарымен селфи және фотосессия, музей «трактиріндегі» шай ішу болады.

Анықтама телефондары: 500-389, 501-023

3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін1   Кеше80   Бір аптаның ішінде314   Айында1385   Барлығы167296  
2019, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі