Халықаралық балаларды қорғау күні

01.06.2017
Халықаралық балаларды қорғау күні

Жыл сайын жаздың алғашқы күнінде үлкен мереке - Халықаралық балаларды қорғау күні аталып өтіледі. Алғаш рет балаларды қорғау күні 1950 жылы атап өтілді, қазір бұл мерекені әлемде 30-дан астам ел мерекелейді.

Осы күні Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі қонақтарға қызықты бағдарлама даярлады.

1 маусымнан бастап музейде А.Никифоров атындағы көркемсурет мектебі оқушыларының кескіндеме, мүсін және сәндік-колданбалы өнер туындыларының көрмесі және Вадим Быковтың Арт-студиясының және А.Никифоров атындағы көркемсурет мектебі оқушыларының кескіндеме, мүсін және сәндік-колданбалы өнер туындыларының көрмесі қойылды.

Қостанай балалар мен жасөспірімдерге арналған пана үйінің тәрбиеленушілері үшін сыйлыққа толы сандықтың «алтын кілтін» табу мақсатында «Ертегі әлемінде» атты ойын-квест өткізілді. Ертегі кейіпкерлері балаларды музейдің әр бір залында күтті. Мыстан кемпір балаларға ертегілік викторина сұрақтарын ұсынды, Пошта тасушы жеделхаттарды реттеу үшін көмек сұрады, бұршақ үстіндегі Ханшайым балалар үшін музыкалық тапсырма дайындады, Қоян, Доктор Айболит, Түлкі, Орман перісі балаларға түрлі тапсырмалар ойлап тапты.

Квест өтуін жеңілдету үшін балаларға музей экспозициясында еске түсіретін ақпаратпен хатқалта және карта дайындалды. Барлық сынақтан өткеннен кейін балаларды тәтті сыйлықтар күтті.

Квест соңында қатысушылар «Өз қолдарымен киізден жасалған бұйымдар» атты киізден кәдесыйлар жасау бойынша Анна Тракова өткізген шеберлік сабағына барды.

Музей холлында барлық қалаушылар үшін кеңес дәуірінің мультфильмдері көрсетілді.

3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін26   Кеше71   Бір аптаның ішінде97   Айында208   Барлығы196055  
full hd xxx porn bangladesh bane xxx porn xxx www com sex xxx hd besi japan mp4 xxx sunday noon xxx videos
2020, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі