Г.М.Соковтың 75 жасқа толуына арналған сценография туындыларының «Театр. Суретші. Өмір» атты көрмесінің ашылуы

29.01.2016
Г.М.Соковтың 75 жасқа толуына арналған сценография туындыларының «Театр. Суретші. Өмір» атты көрмесінің ашылуы

2016 жылы 28 қаңтарда Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайында белгілі суретші, ҚР суретшілер Одағының мүшесі Георгий Михайлович Соковтың 75 жасқа толуына арналған «Театр. Суретші. Өмір» атты сценография туындыларының көрмесі ашылды.

Г.М. Соков Горький атындағы Қостанай облыстық орыс драма театрында 30 жыл бойы бас суретші болып қызмет істеді, ол безендірген спектакльдердің көбісі елеулі оқиғаға айналып, көрермендер мен қатал сыншылардың ыстық ықыласына бөленді.

Көрмеге Э.Ионескудің «Мүйізтұмсық», Е.Шварцтың «Айдаһар», Л.Украинканың «Тас мейман», П.Чеховтың «Шағала», Ж-Б. Мольердің «Жорж Дандем», Лопе де Веганың «Өнертапқыш ғашық» пьесалары бойынша сахна безендіру және киімдер нобайы, «Конек-Горбунок» балетінің сахнасын безендіру нобайы қойылған.

Г.М. Соковты көрмесінің ашылуымен қостанайлық суретші Татьяна Изюмова және І.Омаров атындағы облыстық қазақ драма театрының бас суретшісі Маралбек Кәментайұлы Нұрмақанов және өзі сабақ беретін педагогикалық колледж оқушылары құттықтады.

Көрме көрермендерін Анастасия Черкасс флейта үнімен баурап алды. Е.Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясының жеке орындаушысы Сергей Клейменов мерейтой иесіне «Ноктюрн» әнін тарту етті.

Көрменің салтанатты ашылуына мәдениет мекемелерінің қызметкерлері, қостанайлық суретшілер, шығармашыл зиялы қауым, студенттер мен көркемсурет мектебінің оқушылары, Г.М.Соковтың жақындары және шығармашылығын қастерлейтін достары қатысты.

3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін25   Кеше69   Бір аптаның ішінде94   Айында25   Барлығы204580  
full hd xxx porn bangladesh bane xxx porn xxx www com sex xxx hd besi japan mp4 xxx sunday noon xxx videos
2020, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі