«Фараб-Отырар өркениеті» Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің көрмесінің ашылуы

«Фараб-Отырар өркениеті»  Отырар мемлекеттік археологиялық  қорық-музейінің көрмесінің ашылуы

2017 жылдың 17 шілдесінде Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің «Фараб-Отырар өркениеті» атты көрмесінің салтанатты ашылуы өтті.

Бұл көрме 2017-2018 жылдарға арналған музей және музей-қорықтарын дамытуға арналған Жол картасын жүзеге асыру және «Астана ЭКСПО – 2017» Халықаралық көрмесінің аясында өткізіліп жатыр.

«Фараб-Отрар өркениеті» көрмесінде 136 музейлік жәдігерлер қойылған. Көрменің ең құнды жәдігерлеріне – алтынмен жалатылған кемер белдік, зергерлік бұйымдарға – сырға, жүзік, шолпылар, майшамдар, дастархан (б.з. 11-12 ғғ.), қытай фарфоры, темірден жасалған еңбек құралдары, күміс және мыс теңгелер, кірпіштер мен көркем кірпіштер жатады. Жануарлар бейнесіндегі бойтұмарлар, әсіресе қой, ит, жылқы мүсіндері бірегейлігімен ерекшеленеді.

Отырардың кейінгі даму кезеңіне ХVІІ ғасырға тән қыш бұйымдары жатады (азық-түлік сақтауға және су тасымалдауға арналған ыдыстар). Кең көлемде көрсетілген Отырар қыш ыдыстары материалының берік әрі түр-түсі жақсы сақталғандығымен таңқалдырады. Жәдігердің тамаша сақталғаны ғасырлар бойғы уақыт ізінің түспегенін байқатады.

3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін2   Кеше187   Бір аптаның ішінде980   Айында1029   Барлығы175075  
2019, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі