Ескерткіштер мен тарихи орындар күні Халықаралық тест Блиц «қаланың тарихында қадам» өткізу туралы жаңалықтар

17.04.2015
Ескерткіштер мен тарихи орындар күні Халықаралық тест Блиц «қаланың тарихында қадам» өткізу туралы жаңалықтар

1983 жылы ЮНЕСКО жанынан құрылған Халықаралық ескерткіштер мен көрнекті орындарды қорғау мәселелері жөніндегі Халықаралық кеңес ассамблеясы 18 сәуірді Халықаралық ескерткіштерді және тарихи орындарды қорғау күні деп бекітті.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бастап табиғи және тарихи-мәдени мұраларды қорғау мәселелеріне ерекше көңіл бөліп келеді. Ескерткіштер дегеніміз - еліміздің мәдени мұраларының бір бөлігі болып табылатын өткеннің материалдық айғақтары. Оған ежелгі қоныс қалдықтары, ғимараттар мен құрылыстар, мүсін мен кескіндеме, табиғат ландшафты, сондай-ақ көркем құндылығы жоғары және/немесе маңызды тарихи оқиғалармен немесе көрнекті адамдардың өмірімен байланысты өзге де заттар жатады.

Осы күнге орай Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы 2015 жылы 17 сәуірде студенттерге арналған «Қала тарихына бойла» атты блиц-сауалнама өткізілді. Іс-шара барысында қатысушылар ескерткіштер туралы (археологиялық, сәулеттік, табиғи, монументалды өнер және этнографиялық раритеттер) сауалдарға жауап бере отырып, Қостанайдағы ХІХ-ХХ ғасырлардағы ескерткіштер бойынша «саяхат» жасалды. Мұражай қызметкерлері блиц-сауалнама қатысушыларын көпестердің үйлерінің тарихымен таныстырды, қаланың кейбір құпияларын ашты.

3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін48   Кеше78   Бір аптаның ішінде213   Айында1747   Барлығы169765  
2019, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі