«Өзгеше көзқарас» музейдің қор жиынтығындағы Н.А.Шишловскийдің графикалық жұмыстарының көрмесі

29.03.2021
«Өзгеше көзқарас» музейдің қор жиынтығындағы Н.А.Шишловскийдің графикалық жұмыстарының көрмесі

Николай Александрович Шишловский (1907-1984) - кеңестік орыс графигі, кітап суретшісі, негізінен кітаптарды суреттермен безендіру саласында жұмыс істеді. Портреттер, поэтикалық пейзаждар, жанрлық жұмыстар жасады. Ұлы Отан соғысына қатысушы. Қызыл Жұлдыз орденінің иегері. Саратов көркемсурет училищесін бітірген.

1932 жылдан бастап Мәскеуде тұрды және кітаптарды суреттермен безендіріп әртүрлі баспалармен жұмыс істеді. Мысалы, «Көркем әдебиет» баспасында ғана  20-ға жуық кітапты безендірді. Олардың арасында - Пушкин, Гоголь, Чехов, Паустовский шығармалары бар. Ол Твардовскийдің «Майдан жырлары» және Фурмановтың «Таңдамалысындағы» безендірулермен кеңінен танылды. 

Н.А. Шишловский көптеген кітаптардың мұқабасын безендірді, әсіресе  поэтикалық кітаптарға, Шығыс лирикасына көңіл бөлді. Жапон поэзиясын безендіре отырып, ол маталардың ұлттық әшекейін, лакталған өрнектерді, самурай қарулары әшекейлері сарынын зерттеді. Шығысқа деген қызығушылық Ұлы Отан соғысы жылдары: майдан газеттерінде жұмыс істеп жүргенде анық байқалды, Николай Александрович Бірінші Қиыр Шығыс майданында болды, өлкенің адамдары мен табиғатын білді.  

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі қорында Н.А.Шишловскийдің елуден астам графикалық жұмыстары сақталған.

Көрме экспозициясына соғыс жылдарын, сонымен қатар суретшінің ел бойынша саяхаттарынан алған әсерлерін бейнелейтін графикалық туындылары қойылған.  Олардың арасында – ксилография мен литография, аралас техникада орындалған парақтар және акварельдер бар. Автор көбінесе үлкен топтамалармен жұмыс істеген. Олардың қатарында - «Кемежай», «Орта Азиялық», «Балтық маңы», «Қырым», «Орта Орыс» және «Қиыр Шығыс». Ел бойынша көптеген саяхаттар мен Суретшілер одағы ұйымдастырған  шығармашылық топтардағы жұмыстар өмірді терең түсінуге жол ашты.

Көрме екі жеті жұмыс істейді.

3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін64   Кеше108   Бір аптаның ішінде580   Айында934   Барлығы216313  
full hd xxx porn bangladesh bane xxx porn xxx www com sex xxx hd besi japan mp4 xxx sunday noon xxx videos
2021, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі