Балалар мен жастардың бос уақытын ұйымдастыру үшін орта (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта), техникалық және кәсіптік, қосымша білім беру ұйымдарындағы спорт және акт залдарын, мәдениет және спорт объектілерін пайдалану мәселелеріндегі Қазақстан Рес

24.10.2019

1. Жалпы ережелер

  1. Осы балалар мен жастардың бос уақытын ұйымдастыру үшін орта (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта), техникалық және кәсіптік, қосымша білім беру ұйымдарындағы спорт және акт залдарын, мәдениет және спорт объектілерін пайдалану мәселелеріндегі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің және жергілікті атқарушы органдардың өзара іс-қимылы тәртібі (бұдан әрі – Тәртіп) «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» 2010 жылғы 29 сәуірдегі № 271-IV Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының, «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының, «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы №207 Қазақстан Республикасы Заңының 7, 8-бабтарының, «Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі № 228-V Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының негізінде әзірленген.
  2. Ұйымдастырушылар Қазақстан Республикасының Білім және ғылым, мәдениет және спорт министрліктері, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім, мәдениет, спорт басқармалары, аудандар мен қалалардың білім, мәдениет және спорт бөлімдері (бұдан әрі –Ұйымдастырушылар) болып табылады.
  3. Мақсаты: балалар мен жастардың жасына, денсаулығына және қажеттіліктеріне сәйкес бос уақыты мен демалуға құқықтарын іске асыру үшін білім беру, мәдениет және спорт объектілерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету.
  4. Міндеттері:
  • Тәртіпті іске асыру кезінде өзара іс-қимылы тәртібінің ерекшеліктерін айқындау;
  • Тәртіптің негізгі іс-шараларын анықтау.

2. Өзара іс-қимыл ерекшеліктері

  1. Ұйымдастырушылар төмендегідей шараларды қабылдайды:
  • балалар мен жастардың бос уақытын ұйымдастыру үшін орта (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта), техникалық және кәсіптік, қосымша білім беру ұйымдарындағы спорт және акт залдарын, мәдениет және спорт объектілерінің тізбесін айқындайды;
  • балалар мен жастарға арналған спорттық және демалыс іс-шараларына, секцияларға, үйірмелерге топтық және жеке бару кестесін бекітеді;
  • балалар мен жастарға арналған білім беру, мәдениет және спорт объектілеріндегі спорт және акт залдарына қолжетімділік туралы жұртшылықты, білім алушылардың ата-аналарын және заңды өкілдерін, оның ішінде БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы ақпараттандырады;
  • білім беру, мәдениет және спорт объектілеріндегі спорттық және демалыс іс-шараларына, секцияларға, үйірмелерге бару кезінде білім алушылардың санитарлық нормалары мен қауіпсіздік қағидаларды сақтауын қамтамасыз етеді.

3. Іс-шаралар

  1. Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының білім басқармаларының, аудандар мен қалалардың білім бөлімдерінің, білім беру объектілерінің басшылары:
  • жыл сайын 1 қыркүйекке дейін балалар мен жастардың бос уақытын ұйымдастыру үшін білім беру объектілерінің тізбесін айқындайды;
  • жыл сайын 1 қыркүйекке дейін білім беру объектілеріндегі спорттық және демалыс іс-шараларынабалалар мен жастардың топтық және жеке бару кестесін бекітеді;
  • балалар мен жастар үшін білім беру, мәдениет және спорт объектілерінің қолжетімділігі туралы білім алушылардың ата-аналарын және заңды өкілдерін ақпараттандырады (келісім бойынша);
  • білім беру объектілеріндегі спорттық және бос уақыт іс-шараларын өткізуге қажетті жағдайларды қамтамасыз етеді.
  1. Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының мәдениет және спорт басқармаларының, аудандар мен қалалардың мәдениет және спорт бөлімдерінің, мәдениет және спорт объектілерінің басшылары:
  • жыл сайын 1 қыркүйекке дейін балалар мен жастарға арналған спорттық және бос уақыт іс-шараларын, секцияларды, үйірмелерді өткізу үшін мәдениет және спорт объектілерінің тізбесін айқындайды;
  • жыл сайын 1 қыркүйекке дейін мәдениет және спорт объектілеріндегі спорттық және бос уақыт іс-шараларына балалар мен жастардың топтық және жеке бару кестесін бекітеді;
  • мәдениет және спорт объектілеріндегі балалар мен жастарға арналған спорттық және бос уақыт іс-шараларын өткізуге қажетті жағдайларды қамтамасыз етеді.
  1. Балалар мен жастардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім, мәдениет, спорт басқармаларының, аудандар мен қалалардың білім, мәдениет және спорт бөлімдерінің, мәдениет және спорт объектілерінің басшылары:

- білім беру, мәдениет және спорт объектілеріне бару кезінде балалар мен жастардың бос уақытын ұйымдастыруға және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауаптыларды айқындайды;

- білім беру, мәдениет және спорт объектілерінің санитарлық және өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етеді.

3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін8   Кеше116   Бір аптаның ішінде972   Айында1929   Барлығы172374  
2019, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі