«Қазақтың салт-дәстүрлері: өткені мен бүгіні» топтамасынан «Қыздың көркі бұрымында» этнографиялық интерактивті жобасы

24.04.2019
«Қазақтың салт-дәстүрлері: өткені мен бүгіні»  топтамасынан  «Қыздың көркі бұрымында»  этнографиялық интерактивті жобасы

2019 жылдың 23 сәуірінде Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Қазақтың салт-дәстүрлері: өткені мен бүгіні» топтамасынан «Қыздың көркі бұрымында» этнографиялық интерактивті жобасы өтті. Іс-шараның құрметті қонақтары мен қатысушылары - танымал ақын, журналистика саласының ардагері Ғайнижамал Сайманқызы Бердалинова және І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрының актрисалары Мөлдір Құбаш және Үсенова Жібек шақырылды, сондай-ақ қаламыздағы А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ және Ө.Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ студенттері, қаламыздағы қолаң шашты арулар қатысты. Этнографиялық жоба барысында музей қызметкерлері сұлулықтың сәні болып табылатын бұрымға қатысты ертеден келе жатқан ырымдар туралы қызықты мәліметтер берді, кеш қонақтары бұрымның қадір-қасиеті, киесі туралы ойларымен бөлісті. Бұрымды арулар музей қорындағы ХІХ ғ.аяғы – ХХ ғасырдың басындағы күмістен жасалған бұрым әшекейлерін тағып, іс-шара қонақтарына сән көрсетілімін ұсынды.

3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін22   Кеше139   Бір аптаның ішінде161   Айында2182   Барлығы172627  
2019, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі