«Ауғанстан - жан жарасы» Ауғанстаннан кеңес әскерінің шығарылуының 30 жылдығына арналған музейлік іс-шара

14.02.2019
«Ауғанстан - жан жарасы»  Ауғанстаннан кеңес әскерінің шығарылуының  30 жылдығына арналған музейлік іс-шара

Талай боздақтардың өмірін киған ауған соғысы Кеңес әскерінің ауған жерінен шығарылғанына биыл - 30 жыл. 2019 жылдың 13 ақпанында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері ұйымдастырған «Ауғанстан - жан жарасы» атты музей іс-шарасына ҚР ҰҚҚ ШҚ №2039 «А» ә/б әскери қызметкерлері, ҚР Ұлттық Гвардиясының 6697 ә/б сарбаздары, А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ студенттері қатысты. Іс-шараға шақырылған Ауған соғысының ардагерлері соғыс кезінде көрген қиыншылықтары және бастан кешірген оқиғаларымен бөлісті. Кеш барысында музей қорындағы фотоқұжаттар мен бейнежазбалардан және «Ауған соғысы ардагерлерінің Қостанай облыстық кеңесінің жеке архивінен құрастырылған бейнероликтер көрсетілді.

Шара соңында жиналғандар Ауғанстанда әскери борышын өтеп қаза болған жауынгерлердің құрметіне бір минут үнсіздік жариялады.

3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін43   Кеше52   Бір аптаның ішінде43   Айында1144   Барлығы165135  
2019, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі