«Айналдым сенен, Атамекенім!» атты облыстық қызғалдақтар фестивалінің ашылуы

04.05.2019
«Айналдым сенен, Атамекенім!»  атты облыстық қызғалдақтар фестивалінің ашылуы

Бүгін облыстың зиялылары, ақындары, қыл қалам шеберлері, жалынды жастары және алыс-жақыннан келген қонақтары «Айналдым сенен, Атамекенім!» атты облыстық қызғалдақтар фестивалінде бас қосты. Іс-шараның негізгі мақсаты - қоршаған ортаны, соның ішінде қызғалдақты қорғауға шақыру. Ұлттық дәстүрдің ұйытқысы болып табылған іс-шара аясында фестиваль қатысушылары мен қонақтары Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі, Арқалық қаласындағы облыстық Дала өлкесі тарихы музейі, А. Иманов атындағы Амангелді мемориалдық музейі, Торғай ауылындағы Жангелдин музейлер кешені қорларының жиынтығынан алынған қазақ халқының бірегей этнографиялық жәдігерлерімен танысып, тамашалады. Көрермендер назарына қостанайлық танымал суретшілердің Қазақстан тақырыбындағы туындылары ұсынылған көркемсурет көрмесі қойылды, қолөнершілер кілем тоқу, тері, ағаш, металл өңдеу бойынша бойынша шеберлік сағаттарын өткізді. Қостанай музейінің қызметкерлері фестивальдің айшықты белгісі қызғалдақтардың кескінін жасап, олардың шығу тарихы және сирек кездесетін қазақстандық түрлері туралы мәліметтер берді.

3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін1   Кеше80   Бір аптаның ішінде314   Айында1385   Барлығы167296  
2019, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі