«Ақын көңілінің жомарттығы» атты көрме

13.08.2018
«Ақын көңілінің  жомарттығы» атты көрме

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде Қазақстанның халық жазушысы, ақын Ғафу Қайырбековтің 90 жылдығына арналған «Ақын көңілінің жомарттығы» атты көрме жұмысын бастады.

Ғафу Қайырбеков 1928 жылы 15 тамызда Торғай облысының Шұбалаң ауылында туған. 1952 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық иститутын бітірген. 1952-1968-ші жылдары «Жазушы» баспасының редакторы, «Қазақ әдебиеті» газеті редакторының орынбасары болып қызмет атқарған. 1968-1973 жылдары Қазақстан жазушылар Одағының поэзия секциясының меңгерушісі. 1973 жылдан «Жұлдыз» журналы редакторының орынбасары, Қазақстан жазушылар Одағының ақындар Ассоциациясының президенті болды.

Ғафу Қайырбеков - Қазақ КСР Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Халықтар Достығы орденімен, “Еңбектегі ерлігі үшін” медалімен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Құрмет грамотасымен марапатталған. Көрмеге ақынның фотосуреттері, алғыс хаттары, жеке заттары қойылған.

Галерея изображений

img01.jpg img02.jpg img03.jpg
3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін54   Кеше330   Бір аптаның ішінде384   Айында1494   Барлығы175540  
2019, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі