«Ағаштарға деген жылы сезім» ҚР Суретшілер одағының мүшесі Владислав Галбенның дербес көрмесі

27.11.2020
«Ағаштарға деген жылы сезім» ҚР Суретшілер одағының мүшесі  Владислав Галбенның дербес көрмесі

Дарынды суретші-график, кескіндемеші және мүсінші Владислав Галбеннің шығармашылығы өнерді бағалай білетін қостанайлықтарға жақсы таныс. Ол А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің өнер тарихы факультетін аяқтады, содан кейін А.И.Никифоров атындағы балалар көркемсурет мектебінде және Қостанай педагогикалық колледжінде сурет және кескіндемеден сабақ берді, «Баян сұлу» фабрикасында дизайнер болып жұмыс істеді. Оның жұмыстары Астана қаласындағы «Шабыт» жастар шығармашылығы фестивалінде көрермендер назарына ұсынылды, ол 25 жасында Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының ең жас мүшесі болды. 2003 жылдан бастап В.Галбен қалалық, облыстық және республикалық көркемсурет көрмелеріне белсенді қатысты, Қостанай Меценаттар клубының «Шабыт» сыйлығымен марапатталды.  

 Қазіргі уақытта Владислав Галбен Германияда, Вайден–ин–дер-Оберпфальц қаласында тұрады және жұмыс істейді. 2019 жылы Германияда «Гальперин Арт – орталығында» В.Галбеннің «Оберпфальцский орманы туралы аңыз» атты дербес көрмесі ұйымдастырылды.         

Оның шығармаларының басты «кейіпкерлері» - түрлі ағаштар әлемі, суретші назарына іліккен, таң қалдырған табиғат ғажайыптары. Владислав Галбеннің шығармашылығына тән ерекшеліктер – болмысқа деген адалдық, әсершіл сезгіштік, байыптылық пен аңғарымпаздық.

«Маған ағаштардың суретін салған қызық, өйткені олардан түрлі бейнелерді көруге болады. Ең бастысы – анықтап қарау керек. Қалғанын қиялдың өзі ұштастырады» - дейді Владислав.

Владислав Галбеннің «Ағаштарға деген жылы сезім» атты дербес көрмесінде 19 графикалық жұмыс ұсынылды, оның ішінде 12 жұмыс «Оберпфальцский орманы туралы аңыз» сериясынан.

 

https://www.facebook.com/100014426732442/posts/959754084515474?sfns=mo

https://vk.com/wall397862586_1239

https://www.instagram.com/tv/CIFgFBIgtL3/?igshid=1v19wfpyleavm

3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін64   Кеше108   Бір аптаның ішінде580   Айында934   Барлығы216313  
full hd xxx porn bangladesh bane xxx porn xxx www com sex xxx hd besi japan mp4 xxx sunday noon xxx videos
2021, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі