Карталар

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің құжаттық қорының карталар жиынтығы 1950 жылдан бастап қалыптаса бастады және 127 карта мен сызбалардан тұрады, оның ішінде 83 карта, 46 сызба-карталар мен сызбалар. Карталар мен сызбалар жиынтығының тақырыбы ауқымды және алуан түрлі, еліміздің, облысымыздың барлық тарихи даму кезеңдерін қамтиды. Табиғат пен біздің байтақ облысымыздың табиғат байлықтары тақырыбына да ерекше көңіл бөлінген. Әрине, еліміздің экономикалық дамуы да назардан тыс қалмады. Облыстық музейдің қор жиынтығындағы картографиялық материалдардан КСРО кезіндегі және егемен Қазақстан дәуіріндегі ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптің дамуын бақылауға болады. Біздің музей 1915 жылы құрылған және сол кезден бастап XX ғасырдың 50-60 жылдарына дейін карталар мен карта-сызбалар қолданылған. Шын мәнінде, бұл басында музей қызметкерлері дайындаған қолжазба сызбалар болды, мұндай сызбалар мен карталар түпкі деректемелерге негізделген, атап айтқанда, облыстағы және Қостанайдағы революциялық оқиғалар мен азаматтық соғысқа қатысушылардың баяндауы бойынша жасалған.

Бұл «1918 жылы 12 маусымда Троицк қаласына жақын тұста М.А. Вионконың басшылығымен Қостанай Қызыл Армиясының бөлімшелері жасаған ұрыс қимылдардың сызбасы», «1919 жылы 5 сәуірде қызыл партизандардың Қостанай қаласына шабуылдау сызбасы». «Колчакқа қарсы шаруалар көтерілісін дайындауға арналған картамен» бірге біздің облысымыздағы революциялық оқиғалар мен азаматтық соғыстың қиын-қыстау кезеңдерін кезең-кезеңімен қадағалауға болады. Олардың бірі «Азамат соғысы» залынан орын алған.

«Партизандардың 1918-1919 жылдардағы Қостанай уезі бойынша қозғалысының сызбасы» және «Сталин Орта Азия еңбекшілеріне көмекке жіберген Ә. Жанкелдиннің интернационалдық жасағының жолы» өңірді жеке алғанда ғана емес, елімізді тұтас қамтыған тарихи оқиғаларды жаһандық сипатта сезінуге көмектеседі. Бұл сөзімізге «Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы» картасы дәлел. Мысалы, «Бірінші азаматтық соғыс кезіндегі шетелдік және әскери басқыншылықтың (ақпан 1918 ж. – ақпан 1919 ж.) басталуы» картасы және «Кеңестік Ресейге Антантаның бірінші жорығы және оның талқандалуы» картасы азамат соғысының әскери оқиғалардың басталуын қадағалауға мүмкіндік береді.

Қазір жиынтық КСРО-да баспахана тәсілімен шығарылған карталармен және Қазақстан Республикасының қазіргі уақыттағы баспа өнімдерімен толықтырылған. Кітаптар мен журналдардан фотосуретке түсірілген және көшіріп алынған карталар мен карта-сызбалар, сондай-ақ негативтер біздің музейдің қор жиынтығының бір бөлігі болып табылады.

3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін70   Кеше44   Бір аптаның ішінде487   Айында1558   Барлығы167469  
2019, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі