ШАЯХМЕТОВ ШАЙСҰЛТАН

(1939 ж., Қостанай облысы Наурызым ауданы Наурызым кенті - 2000 ж.) - мемлекет және қоғам қайраткері, химия ғылымының кандидаты, профессор, Қазақстан Республикасы Инженерлік академиясының мүшесі, тұңғыш қазақ, бұрынғы Қазақстан Республикасының білім министрі. Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген. Қазақ мемлекеттік университетінде ғылыми-педагогикалық жұмыс жүргізді. Полимерлердің физика-химия саласындағы белгілі маман болды.  Жоғары оқу орындары Министрлігінде, кейін Қазақ КСР-і Министрлер Кеңесінде лауазымды қызметтер атқарған. 1987 жылы - Жоғары және орта арнаулы білім министрі. 1988 -1993 жылдары Қазақстан Республикасы Білім министрі. Оның бастамасымен Түркістан мемлекеттік университеті (қазіргі Қ.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті), Қостанай қаласындағы мемлекеттік университет ашылды. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым мен білім қайраткері, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, Халықаралық педагогикалық білім беру (Ресей) және Еларалық Ш.Айтматов (Қырғызстан) академияларының академигі.  30 ғылыми жарияланымның, 2 химия бойынша қазақша-орысша терминологиялық сөздіктің, 3 оқу құралының авторы. Ш.Шаяхметовке Қостанай қаласында 2014 жылы ескерткіш қойылып, бір көшеге есімі берді. Әулиекөл ауданында Сұлукөл орта мектебіне Ш.Шаяхметовтің есімі берілді.

kz 3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін70   Кеше171   Бір аптаның ішінде70   Айында3911   Барлығы284277  
2023, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі