АХМЕТБЕКОВ НҰРХАН

(1903 ж., Қостанай облысы Жангелді ауданы Жаркешу ауылы - 1964 ж., Торғай ауылы) - қазақ композиторы, әнші, домбырашы, Қазақ КСР-ның халық ақыны.  

1943 жылы қараша айында Қостанайда өткен облыстық айтыста Сәт Есенбаевпен, сол жылдың аяғында Алматыда болған республикалық айтыста Молдахмет Тырбиевпен, 1945 жылдың соңында Майташ Смағұловамен, 1957 ж. Сәт Есенбаевпен екінші рет айтысқан. Бұл айтыстары «Қостанай ақындарының айтысы» (1958), «Айтыс» (1966) жинақтарында жарияланды.

Н. Ахметбеков классикалық шығыс үлгілерінің желісіне орайластырып бірнеше дастан шығарған. «Мың бір түн» ертегісінің оқиғасына байланыстырып «Қамарлы заман», «Албан Жұпар ханым», өткен кезеңдердегі тарихи оқиғалар сюжетіне «Есім сері», «Қарға» дастандарын жазды. «Күләндам» дастанында 1932-1933 жылдардағы қазақ, даласын жайлаған алапат аштық тұңғыш рет шынайы көрсетілді. Ақынның ұзақ жылдар талмай жырлаған сүйікті кейіпкері – Амангелді батыр бейнесі. «Үрпек соғысы» (1944) өлеңі кейін «Амангелді» дастанына ұласты. Ахметбековтың өзі шығарған «Күй басы», «Маусым толқыны», «Жеңіс» сынды күйлері де бар.

3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін22   Кеше99   Бір аптаның ішінде479   Айында2313   Барлығы212434  
full hd xxx porn bangladesh bane xxx porn xxx www com sex xxx hd besi japan mp4 xxx sunday noon xxx videos
2021, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі