НАУРЫЗБАЕВ ХАКІМЖАН ЕСІМХАНҰЛЫ

(1925 ж., қазіргі Қостанай облысы Меңдіқара ауданының №1 ауылы - 2009 ж.) - Қазақстанның ұлттық монументальды өнерінің бастауында тұрған қазақтың тұңғыш кәсіби мүсіншісі, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері, Ш.Уәлиханов атындағы мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның халық суретшісі. «Тарлан» сыйлығының, «Парасат» орденінің иегері, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры бейнелеу өнерінің алтын қорына енген туындыларды сомдады.

Х.Е. Наурызбаев Харьков мемлекеттік көркемсурет институтының мүсін факультетін аяқтаған. Алматыға оралғаннан кейін Алматы көркемсурет училищесінде сабақ берді, мүсін бөлімінің ашылуына қол жеткізді.

Хакімжан Наурызбаев 300-ден астам туынды сомдаған, оның ішінде Алматыдағы Абай Құнанбаев пен Шоқан Уәлихановтың ескерткіштері, халық ақыны Жамбыл Жабаевқа арналған туындылар сериясы бар.

Көрнекті шебердің шығармашылығының ең құндылығы - кейіпкерлерінің өзіндік ерекшелігі. Оның әрбір туындысынан туған жердің рухы, адамдарына деген шексіз қызығушылық, туған халқына деген қалтқысыз қызметі сезіледі.

Мүсіншінің жұмыстары Мәскеудегі мемлекеттік Третьяков галереясында, Алматыда ҚР Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейінде және Қазақстанның өзге де көркемсурет музейлерінде, сонымен қатар Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде де сақталған.

kz kz 3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін216   Кеше259   Бір аптаның ішінде1355   Айында475   Барлығы309633  
2023, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі