БАЙТҰРСЫНОВ АХМЕТ

(1872 ж., қазіргі Қостанай облысы Жангелдин ауданы, Сарытүбек ауылы - 1937 ж.) -  қазақ халқының атақты ұлы, ұлтының рухани көшбасшысы, көрнекті ағартушы, ғалым-түрколог, лингвист, қазақ тілі орфографиясының реформаторы, алғашқы қазақ оқулықтарының авторы, ақын, публицист, алғашқы жалпы ұлттық «Қазақ» газетінің негізін салушы, қоғам және саяси қайраткер.

1890 жылы Торғайдағы екі кластық орыс-қазақ училищесін, 1895 жылы Орынбордағы мұғалімдер мектебін бітірген. 1895-1909 жылдары Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездеріндегі мектептер мен орыс-қазақ училищелерінде мұғалімдік қызмет атқарады. 1917 жылы құрылған «Алаш» партиясының негізін салушылардың және оның басшыларының бірі болған.  1919 жылы Қазақ өлкесін басқаратын Әскери-революциялық комитеттің мүшелігіне тағайындалады. 1922-1925 жылдары Қазақстан Халық ағарту комиссариаты жанындағы ғылыми-әдеби комиссияның төрағасы, Халық ағарту комиссары қызметтерін атқарады. 1925-1929 жылдары Қазақ Халық ағарту институтында (Ташкент) және ҚазПИ-де оқытушы болған. Шығармашылық жұмысын өлең жазудан бастаған. Ақынның алғашқы өлеңдері «Қырық мысал» деген атпен 1909 жылы Санкт-Петербургте басылды. 1911 жылы екінші кітабы «Маса» жарық көреді.

 

2000 жылы Қостанай қаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.А.Назарбаевтың қатысуымен салтанатты түрде Қазақстанның көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Ахмет Байтұрсыновқа Қостанай мемлекеттік университетінің бас корпусы алаңында ескерткіш орнатылды.

Қостанай мемлекеттік университетіне және  қаладағы орталық көшелердің біріне А.Байтұрсыновтың есімі берілген.

kz kz 3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін209   Кеше259   Бір аптаның ішінде1348   Айында468   Барлығы309626  
2023, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі