Біздің сайттың құрметті қонақтары!

director

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайының сайтына қош келдіңіз. Біздің сайтқа көңіл бөлгеніңіз бізді қуантады, сайт беттерінен біздің мұражай туралы, Қостанай облысының табиғат байлықтары, тарихы мен мәдениеті туралы көп білуге болады.

«Мұражай туралы» жазылған бетті оқи отырып, мұражайдың қалай құрылғандығы туралы, оның жиынтықтары мен экспозициясы туралы мағлұмат аласыз.

Мұражайдың ғылыми-зерттеу және мәдени-ағарту жұмыстары туралы, инновациялық интерактивті жобалар туралы «Мұражай бағдарламалары мен жобалары» атты беттен оқып білуге болады.

Қостанай облысында зілдердің тұстастары өмір сүреді! Олар нелер? Ежелгі қорғандарда қандай құпиялар бар? Тобыл ойшылы қайдан шыққан? Қостанай мен Чикагоның ұқсастығы неде? Неге біздің облысты «құстар жұмағы» деп атайды? Осы және басқа да сауалдарға жауап алғыңыз келе ме? Онда біздің сайтқа кіріңіз немесе мұражайға келіңіз. Қостанай облысының табиғат ескерткіштері, археология және сәулет, киелі орындар туралы және басқа да тақырыптарда «Аймақ туралы» деп аталатын беттен білесіздер.

Жаңа көрмелер, қызықты кездесулер туралы Сіз «Жарнамадан» біле аласыз.

Әр іске қойылған баға жұмыстың ілгері басуына өз көмегін тигізері анық. Біз үшін Сіздің ой-пікіріңіз өте қажет. Осының бәрін «Пікір кітабына» жазыңыз.

Құрметті достар, сіздер біздің сайтта болғаннан кейін, бізге қайта оралып келетіндеріңіз анық. Біздің ісіміз Сіздердің көңілдеріңізден шықса, өте қуаныштымыз.

Құрметпен Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Әкімбаева Үміт Бламбекқызы

3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін281   Кеше83   Бір аптаның ішінде281   Айында1391   Барлығы175437  
Жаңалықтар
Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайында 2014 жылы 4 ақпанда Ауғанстаннан кеңес әскерінің шығарылғанына 25 жыл толуына орай мұражайдың қор жиынтығынан «Әскери антқа адал» атты көрме ашылды. Іс-шараға ауған соғысының ардагерлері мен А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ-нің студенттері қатысты. Ауған соғысы Қазақстан жеріне…
2014 жылдың 5 ақпанында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайында Қазақстан Республикасының халық суретшісі, Қазақстанның бейнелеу өнерінің негізін қалаушылардың бірі – Әбілхан Қастеевтің 110 жылдығына арналған «Қастеев дәуірі» - атты мұражайдың қор жиынтығындағы туындысын ұсындық.Әбілхан Қастеев қазақ көркем сурет өнерінің дамуына үлкен…
16 января 2013 года в Костанайском областном историко-краеведческом музее прошел фольклорно-этнографический праздник «Святки – гулянье, катание, гадание». Святки – один из самых любимых в народе зимних праздников, в котором сохранились отголоски древних обрядов. Начинались они после Рождества и продолжались до…
2 Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайында «Еңбек Ерлері: даңқ тоғысы» атты көрме 2013 жылдың 13 желтоқсанында ашылды.
2013 жылы 13 желтоқсанда Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қорына сот жасауылы киіктің 34 дана мүйізін тапсырды. Арқалық қалалық сотының шешімімен олар ҚР ҚК 290 бап бойынша сотталушыдан тәркіленген. Мүйіздер Қостанай облысының қазіргі уақытта қорғауға алынған сирек кездесетін жануарларының зоологиялық жиынтығын…
1 желтоқсан халқымыз Тұңғыш Президент күнін атап өтеді, осы мерекеге орай Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қызметкерлері іс-шаралар топтамасын өткізуде. 29 қарашада 2013 жылы мұражайда «Нұрсұлтан Назарбаев: саясаткер және тұлға» атты портрет-кеш өтті.
В своей статье «Социальная модернизация Казахстана: Двадцать шагов к Обществу Всеобщего труда» Президент РК Н.А. Назарбаев подчеркнул: «Все ценности мировой цивилизации, все экономические и культурные богатства создаются человеческим трудом. Поэтому именно реальный производительный труд мы и должны поставить в основу…
2013 жылы 21 қарашада Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қызметкерлері Әулиекөл ауданындағы Новонежин орта мектебіне жылжымалы көрмемен барды.
15 ноября 2013 года сотрудники Костанайского областного историко-краеведческого музея провели к Дню национальной валюты мероприятие «История тенге: прошлое и настоящее». Участниками были старшеклассники СШ № 18.
2013 жылы 30 қазанда Солтүстік Қазақстан облыстық мұражайлар бірлестігінің қорынан алынған «Петропавлды құрметпен таныстырамын» атты айырбас көрменің тұсаукесері ашылды. Көрме екі бөлімнен: Петропавл қаласының тарихы; Солтүстік Қазақстан облысының суретшілері мен сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің шығармашылық туындыларынан тұрады.
2019, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі