Біздің сайттың құрметті қонақтары!

director

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайының сайтына қош келдіңіз. Біздің сайтқа көңіл бөлгеніңіз бізді қуантады, сайт беттерінен біздің мұражай туралы, Қостанай облысының табиғат байлықтары, тарихы мен мәдениеті туралы көп білуге болады.

«Мұражай туралы» жазылған бетті оқи отырып, мұражайдың қалай құрылғандығы туралы, оның жиынтықтары мен экспозициясы туралы мағлұмат аласыз.

Мұражайдың ғылыми-зерттеу және мәдени-ағарту жұмыстары туралы, инновациялық интерактивті жобалар туралы «Мұражай бағдарламалары мен жобалары» атты беттен оқып білуге болады.

Қостанай облысында зілдердің тұстастары өмір сүреді! Олар нелер? Ежелгі қорғандарда қандай құпиялар бар? Тобыл ойшылы қайдан шыққан? Қостанай мен Чикагоның ұқсастығы неде? Неге біздің облысты «құстар жұмағы» деп атайды? Осы және басқа да сауалдарға жауап алғыңыз келе ме? Онда біздің сайтқа кіріңіз немесе мұражайға келіңіз. Қостанай облысының табиғат ескерткіштері, археология және сәулет, киелі орындар туралы және басқа да тақырыптарда «Аймақ туралы» деп аталатын беттен білесіздер.

Жаңа көрмелер, қызықты кездесулер туралы Сіз «Жарнамадан» біле аласыз.

Әр іске қойылған баға жұмыстың ілгері басуына өз көмегін тигізері анық. Біз үшін Сіздің ой-пікіріңіз өте қажет. Осының бәрін «Пікір кітабына» жазыңыз.

Құрметті достар, сіздер біздің сайтта болғаннан кейін, бізге қайта оралып келетіндеріңіз анық. Біздің ісіміз Сіздердің көңілдеріңізден шықса, өте қуаныштымыз.

Құрметпен Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Әкімбаева Үміт Бламбекқызы

3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін46   Кеше78   Бір аптаның ішінде211   Айында1745   Барлығы169763  
Жаңалықтар
2018 жыл Қазақстанда Өзбекстан жылы деп жарияланды. 2018 жылдың 15 наурызында Қазақстандағы Өзбекстан жылының салтанатты ашылуы елордамыздағы «Астана-Опера» театрында өтті. Қазақстандағы Өзбекстан жылы екі елдің арасындағы бауырластық, әрі достық қарым-қатынастың айқын көрінісі болып табылады. Қазақстан мен Өзбекстан бұл байланысты тәуелсіздік…
1 мамыр күні еліміз Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтеді. Бұл мереке - 150-ден астам ұлт пен ұлыс өкілдері өмір сүріп жатқан елдегі бейбіт өмір үшін аса қажет достық, өзара түсіністік пен ынтымақтастық мерекесі. Тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап Мемлекет басшысы…
2018 жылы 20 сәуірде фотограф Иван Мармалидің «Жұмыс барысында» атты дербес фотокөрмесінің ашылуы өтті. Көрмеде пейзаж, қалалық пейзаж және портреттік жанрдағы 30-дан астам фотожұмыстар ұсынылды. Фотокөрменің авторы белгілі әуесқой фотограф Иван Мармалиди-қостанайлық. Фотосуретке ол бала кезінен әуес болды. Ол шығармашылық…
2018 жылдың 12 сәуірінде ҚР Суретшілер одағының мүшесі, Қазақстан Театр қайраткерлері одағының мүшесі, Қостанай Меценаттар клубы сыйлығының лауреаты Әнуар Сәпиевтің «Өмірдің өрнекті суреті» атты мерейтойлық дербес көрмесінің ашылуы өтті. Көрмеде 40-тан астам кескіндеме және графикалық туындылар - пейзаж, этюд композициясы,…
2018 жылдың 5 сәуірінде Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің басшыларының бірі Амангелді Имановтың 145 жылдығына арналған «Халық батыры» атты көрме ашылды. Амангелді Үдербайұлы Иманов 1873 жылы қазіргі Қостанай облысының Амангелді ауданында туған. 1916 жылғы қазақ халқының патша…
Халықаралық құстар күні 1 сәуірде атап өтіледі және осы күннің таңдауы жай емес. 1906 жылы 1 сәуірде құстарды қорғау бойынша Халықаралық конвенция қабылданды және бұл қанаттылардың қыстау жерлерінен ұя салуға келетін уақыт. «Көктемгі дауыстар» - Халықаралық құстар күніне арналған музейлік…
2018 жылы 29 наурызда Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде белгілі қостанайлық мүсінші Л.Белоусовтың реквием-кеші өтті. Биыл мүсіншінің туылғанына 90 жасқа толады. Леонид Белоусов Киров облысының Белоусово кентінде 1928 ж. 10 наурызда дүниеге келген. Нижний Тагил қаласындағы Орал көркем-өнеркәсіптік училищесін бітірген. 1950-ші…
2018 жылдың 28 наурызда Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде Қостанай облысында осы жоғары атаққа ие болған төрт жерлесіміздің бірі, танымал қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері Б.П.Князевке арналған іс-шара өтті. «Алтынсарин» ЖШС директоры, облыстық маслихаттың депутаты Борис Павлович Князев 30 жылдан астам…
Көркем композицияларды әртүрлі тәсілмен жасау бойынша шеберлік сағаттар музей дәстүрі болуына айналды. Көктемгі Наурыз мерекесі қарсаңында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері конфет пен гофрленген қағаз пайдаланып кәдесый гүлшоқтарын жасау бойынша шеберлік сағатын өткізді. Іс-шараға қатысқан Қостанай қаласының №8 ОМ оқушылары…
2018 жылы 15 наурызда Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде ҚМПИ және А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-ң студенттеріне ғасырлар бойы сақталған қазақ халқының көне дәстүрін жаңғырту мақсатында кілем тоқу мерекесін өткізді. Іс-шара барысында музей қорындағы ХІХ-ХХ ғасырларда қолдан тоқылған…
2019, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі