Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

«Мұның бәрі көктем!»

11.03.2021
«Мұның бәрі көктем!»

Көктемнің ең әдемі мерекесі - Халықаралық әйелдер күні қарсаңыңда Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінде «Мұның бәрі көктем!» атты көрмесі ашылды.

Көрмеде қостанайлық суретшілердің түрлі жанрлар мен техникаларда орындалған жұмыстары ұсынылған. Бұл пейзаждар, портреттік жұмыстар, натюрморттар және тақырыптық суреттер. Көрме қатысушылар қатарында ҚР Суретшілер Одағының мүшелері: Н. Торшин, Г. Соков, В. Быков, А. Захарченков, С. Шалунова, Б. Баталова, Н. Халифаева, Т. Баринова, С. Каратаева және тағы басқалары бар. Атақты шеберлермен бірге көрмеге Е. Кислицин, Н. Долгушина, А. Нұркенова, Е. Садовникова, И. Жұматаева, И. Яковлева, У. Гусманова, А. Ковтонюк, А. Лендов сынды жас авторлар қатысып отыр.

 Қыс аяқталып, онымен бірге бұлтты күндер, қайғы мен мұң да кетеді, күн шуағын шашып жарқырап, жылынады және ұзарады. Барлық жастағы суретшілер үшін көктем тақырыбы әрқашан ең сүйікті тақырыптардың бірі. Әйгілі орыс кескіндемешісі И. Левитан қыстан жазға ауысатын өтпелі маусымды ерекше  сезіммен суреттеген. Суретші Н. Торшинның кескінді жұмыстарының арасында «Көктем басы» атты туындысы ерекше үнді және мәнерлі орындалған. Автор өз жұмыстарында өзіне нық сенімді. Мұнда туған жер – Қостанайдың табиғаты шынайы сезіммен бейнеленген. Г. Соковтың «Студент қыз», «Ескі алма ағашының түсі», «Шуақ» портреттерінде әйел образддары нәзік суреттелген. Ал Н. Халифаеваның суреттерінде қазақтың ұлттық киіміндегі арулардың сұлулығы мен әсемдігі көздің жауын алады. Жан жылулық пен шексіз сезім сыйлайтын көрермен айналасында авторлардың акварель, май, батикте, киізде орындалған гүлге толы композиялары көп.

Дәл осы уақытта табиғатта буырқанған алуан түрлі түстер мен мыңдаған реңктер үйлесімділікпен жарқырай түседі. Қостанайлық суретшілер өздерінің суреттерінде түрлі түсті аккордтарды жаңа түстермен байытқан. 

Галерея изображений