«Суйқұйғыш белгісінде» қостанайлық танымал суретші Олег Кусковтың мерейтойлық дербес көрмесі

01.04.2022
«Суйқұйғыш белгісінде»  қостанайлық танымал суретші Олег Кусковтың мерейтойлық дербес көрмесі

2022 жылы 31 наурызда Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінде қостанайлық танымал суретші Олег Кусковтың 60 жасқа толуына орай «Суқұйғыш белгісінде» атты мерейтойлық дербес көрмесі ашылды. 

Олег Витальевич Кусков 1962 жылы 9 ақпанда Қостанай облысының Затобол (қазіргі Тобыл қаласы) кентінде дүниеге келген. Суретші қазіргі уақытта Қостанай қаласында тұрады және жұмыс істейді. Автор өз көрмесін өзі дүниеге келген зодиак шоқжұлдызына байланысты «Суқұйғыш белгісінде» деп атаған. Суқұйғыш астрологиялық белгісінде туған адамдардың мінезін айқындаушы қасиеттердің бірі - жаңа сезімдер мен жаңа идеяларды үнемі іздеу. Бұл дара қасиеттер суретші Олег Кусковқа толығымен тән.

Қостанай меценаттар клубының «Қазына» сыйлығының иегері Олег Кусковтың «Суқұйғыш белгісінде» атты мерейтойлық көрмесіне оның 33 жылдық шығармашылығына шолу жасайтын 70-ке жуық көркемсурет туындысы қойылған.  Олег Кусков жан-жақты суретші, оны әрқашан жанрлардың, тақырыптардың, орындау техникасының әр алуандығы қызықтырады. Оның пейзаждық туындылары көркемдік мәнердің айқындығымен және  қарапайымдылығымен көз тартады. Суретші О.В.Кусковтың  шығармашылығында өткенге жан бітіп, ескі үйлер толыққанды тіршілік кешіп жатқандай әсер беретін ретро-пейзаждар ерекше орын алады.

 

Көрме бір ай бойы жұмыс істейді.

kz kz 3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін30   Кеше171   Бір аптаның ішінде729   Айында5355   Барлығы295478  
2023, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі