Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

«Қазақстандағы 2022 жылғы жыл құсы» - көрме.

31.03.2022
«Қазақстандағы 2022 жылғы жыл құсы» - көрме.

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Қостанай облысының табиғат байлығы» залында «Қазақстандағы 2022 жылғы жыл құсы» атты көрме қойылды. ҚБСА мүшелері Қазақстандағы «Жыл құсы-2022» номинациясын ҚБСА орнитологтары мен Қазақстан құстарды қорғау одағы ұсынған нұсқалардың ішінен бұлбұл құсты таңдады. Мақсаты - ағартушылық іс-шаралар арқылы құстарға және олардың мекендейтін жерлерін сақтау проблемаларына назар аудару.

Бұлбұл - сайрағыш құстардың ішіндегі ең танымалы, сонымен қатар  аңызға айналған құс. Ежелгі заманнан бері ол махаббат пен адалдықтың символы болып табылады. Ол өзі тәрізді кішкентай құстардың арасынан ерекше әншілік шеберлігімен танымал.