Арлан Аңқауов өзін дарынды суретші-қолөнерші ретінде танытты. Арлан өз туындыларында ұлттық сәндік-қолданбалы өнердің ең жақсы дәстүрлерін, этникалық мәнерін сақтап, дамытуға тырысады. Жас суретші түстерді шебер қолдана отырып, қазақтың текеметі мен кілеміне ұқсас көрнекі заманауи туындылар жасайды.
Суретші А. Анқауовтың картиналарында аға буын сақтап, мұра етіп қалдырған қазақ мәдениетінің әлемі: жартас басында жасырынған тау арқарлары, жазық далада қансонарға тізбектеліп бара жатқан бүркітшілер, тыныш қорықтың түкпірінде жайылып жүрген әдемі бұғылар бейнеленген. Өз туындыларында Арлан Анқауов замандастарын ата-бабадан қалған бай мұраны қастерлеуге және сақтауға шақырады.
https://www.facebook.com/it.kraeved.kst/videos/937034036787479
https://www.instagram.com/tv/CG9ioScA1ol/?utm_source=ig_web_copy_link