Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

«Ата дәстүрі» суретші - қолөнерші Арлан Аңқауовтың дербес көрмесінің тұсаукесері

02.11.2020
«Ата дәстүрі» суретші - қолөнерші Арлан Аңқауовтың  дербес көрмесінің тұсаукесері

2020 жылдың 30 қазанында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінде суретші - қолөнерші Арлан Аңқауовтың«Ата дәстүрі» атты дербес көрмесінің тұсаукесері өтті.
А.Аңқауов қалалық, облыстық және республикалық көрмелер мен байқаулардың белсенді қатысушысы. Арлан қолөнершілердің «Шебер» атты республикалық байқауына үш рет қатысты, екі дербес көрмесі Астанадағы «Құланшы» қазіргі заманғы өнер галереясында және Бейбітшілік пен Келісім сарайында ұйымдастырылды. Ал 2019 жылы қыркүйек айында "Qazaq Geography" республикалық қоғамдық бірлестігінің қолдауымен ҚР Ұлттық музейінде "География – мәдениет болашағы" атты көрмесі өтті. 2019 жылы желтоқсанда Абайдың 175 жылдығына арналған Қостанай телеарнасының "Ел мүддесі" бағдарламасында болды. "Атамекен" ұлттық палатасы ұйымдастырған Қазақстан қолөнершілерінің республикалық бейнеконференциясына қатысты. 
Арлан Аңқауовтың «Ата дәстүрі» атты дербес көрмесі бір ай бойы жұмыс істейді.