«Алау» ТРК-ның «Сұхбат» айдарында музей қызметкері «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі жобаларының бірі «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» бойынша атқарылған жұмыстар туралы әңгімеледі
Қостанай облысының аумағында мыңнан астам тарихи-мәдени мұра нысандары бар. «Қазақстанның киелі жерлерінің картасына» Қостанай облысынан жалпы ұлттық маңызы бар 10 нысан енгізілген. 28 ескерткіштер мен тарихи орындар жергілікті маңыздағы киелі нысандар тізіміне енгізілді.