Жангелдин ауданында жергілікті маңызы бар киелі нысан - атақты қобызшы Тілеп Аспантайұлының жерленген орны орналасқан. Ол 1757 жылы Торғай маңайында дүниеге келген. 13 жасынан қобыз тарта бастайды. Қазақтың музыка өнеріне зор үлес қосты. «Толғау», «Аллам жар», «Бақсы» күйлері осы күнге дейін сақталып, халықтың музыка мұрасының алтын қорына енді. Халық арасында Тілеп Аспантайұлы емші және көріпкел ретінде де белгілі. Ол қасиетті қара қобыз, көмегімен адамдарды емдеген. Сол қобызы әлі күнге дейін оның ұрпақтарында отбасылық жәдігер ретінде сақталған. 2019 жылы Тілеп әулие Аспантайұлы жерлен жерде жаңа кесене тұрғызылды.