Амангелді ауданы Амантоғай ауылы маңындағы Құтан әулие Аталықұлы кесенесі – жергілікті маңызы бар киелі нысан. 1690 жылы дүниеге келген Құтан Аталықұлы 1780 жылға дейін он жылдай Ұлытау өңірінде тұрған. Халық арасында әулие атанған. Оған бала кезінен әулиелік, көріпкелдік, емшілік қонып, бар ғұмырын халықты емдеуге арнаған. Елдің, жердің тағдырына араласқан. Абылай хан заманында Құтан әулие - ханның кеңесшісі, хан алқасының мүшесі болған байсалды, ақылды адам.
Қайтыс болғанына екі жүз отыз жылдан астам уақыт өтсе де адамдар оның тылсым күшіне әлі күнге дейін сенеді. Құтан әулие кесенесі бірнеше рет жаңартылған. 1977 жылы ұрпақтары қабіртастың орнына кірпіштен мазар көтереді. 2008 жылы жаңа кесене тұрғызып, оның жанына Құтан әулие Аталықұлының әруағына құран бағыштап, зиярат етіп келген адамдар тоқтайтын шағын үй салады.