Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Л. И. Беданың мүсіні

Леонид Игнатьевич Беда (1920-1976) Қостанай облысының Ленин (қазіргі Ұзынкөл) ауданы Ново-Покровка ауылында дүниеге келген. 

1940 жылдан бастап Кеңес Әскері қатарында болды. Чкалов әскери-авиация училищесін аяқтады. Ұлы Отан соғысында ұшқыш болып бастап, соғыстың аяғында – шабуылдаушы авиаполк командирінің көмекшісі қызметін атқарды. 214 жауынгерлік ұшулар орындады.  

Леонид Игнатьевич Бедаға жаумен шайқаста көрсеткен ерлігі мен қаһармандығы үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен 1944 жылдың 26 қазанында Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

1945 жылдың 29 маусымында КСРО Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы гвардия майоры Л.И.Беданы екінші «Алтын Жұлдыз» медалімен марапаттады.

1976 жылдың желтоқсан айында генерал-лейтенант Л.И. Беда жол апатынан қаза тапты.

1951 жылы Қостанай қаласының Жеңіс алаңында (қазіргі – қалалық әкімдік ғимаратының алаңы) екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Леонид Игнатьевич Бедаға ескерткіш қойылды. Мүсінші – Дмитрий Петрович Шварц.

Ескерткіш сипаттамасы

Ескерткіш датасы: 1951 жыл.

Орналасқан жері: Қостанай қаласы, Пушкин көшесі, 98

Мүсін қоладан жасалып, конус түріндегі гранит тұғырға орнатылған. Л.И. Беда әскери нысандағы барлық ерекшелік  белгілері және наградалар жиынтығымен бейнеленген. Мүсіннің биіктігі – 70 см, тұғыры – 2,5 м.

Тұғырда Кеңес Одағының Батыры Л.И. Беданы «Алтын Жұлдыз» медалімен екінші рет марапаттау туралы орыс тілінде жазылған мемориалдық тақта бар.