Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

«Жауапты әке» - Әкелер күніне арналған тақырыптық кездесу

19.06.2026
«Жауапты әке» - Әкелер күніне арналған тақырыптық кездесу

Әкелер күніне орай 2026 жылғы 18 маусымда Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері «Қостанай қаласы білім бөлімінің №19 жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің мектеп ішіндегі лагерь тәрбиеленушілері үшін «Жауапты әке» тақырыбында кездесу өткізіп, әкенің отбасы мен бала тәрбиесіндегі рөлі туралы танымдық әңгіме жүргізді.

Іс-шара қонағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ Қазақстан тарихы кафедрасының қауымдастырылған профессоры Айбек Шалғымбеков жауапты әкеліктің маңызы туралы өз пікірімен бөлісті.

Балалар да талқылауға белсене қатысып, өз әкелері туралы әңгімеледі. Кездесу соңында олар қағаз қиындыларына ізгі тілектерін жазып, әкелерінің ең жақсы қасиеттерін атап өтті. Кейін сол жазбалармен әкелерге деген құрметтің, сүйіспеншілік пен алғыстың белгісіне айналған символикалық ағашты безендірді.